Суицидалды жүріс-түрыс
369
императивті галлю цинациялармен («дауыстар» кімді болмасын өлтіруді
бұйырғанда), соңына түсу ж әне қызғаныш сандырағымен, кататониямен,
әуестік тежеусіздігімен (гиперсексуальдылық, агрессивтілікпен)
сырқат
науқастар қауіп төндіреді. Әсіресе, нақты бір адамды соңына түсуіне кінәлап,
олардан өш алуды ойластыратын («аңдылушы аңдушы») науқастар өте қауіпті.
Мұндай науқастармен әщгмелесуді епті құра білген жағдайда еш қандай
мәжбүрлеу шараларын қолданбастан, госпитализацияға келісімін алуға бола-
ды. Науқаспен сөз таластыру дұрыс емес, қарсыласу қарсылықты тек күшейте
түседі. Н ауқасқа оның мәселелерін шешуде дәрігердің кеңесш і, көмекші
екендігін көрсете білу керек.
СУИЦИДАЛДЫ Ж ҮРІС-ТҰРЫ С
П сихиатриялы қ тәжірибеде өзіне қол жұмсаудың
ең жиі себебі ауыр
депрессивті жағдайлар
болып саналады. Депрессиямен сырқат науқастардың
барлығы дерлік өмірдің маңызсыздығына сенімді, оның аяқталуын күтеді.
Дегенмен, суицидті іске асыруға белсенді әрекеттерді кейбіреулері ғана
қолданады. Анамнезінде суицидалды әрекеттің орын алғандығы күдіктендіреді,
өйткені көп жағдайда бұл әрекеттер қайталанады. Депрессиядан зардап шегетін
науқас жабырқаулы көңіл-күй бақыланып тұрған бүкіл кезең бойында бақылауда
болуы керек, әсіресе, таңғы сағаттарда
науқасты қатаң бақылау керек, бұл
уақытта депрессия аса ауыр болады. Қажет бақылауды үй жағдайында
қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан, пациентті стационарға жатқызуды
талап ету керек, бұл жағдайда заң мәжбүрлеп госпитализациялауға рұқсат береді.
Тәжірибе көрсеткендей, кәсіби дайындықтары жоқ науқастың туыстары мен
жақындары қауіптілік дәрежесін дұрыс бағалай алмайды және оларға пациент
бақылауын сеніп тапсыруға болмайды.
Дәрігермен
әңгімелесу кезінде науқастар, әдетте, өздеріне қол жұмсағысы
келетіні жөніндегі ойларын жасырмайды. Науқастың күлкімен және әзілмен
айтқан сөздерінің өзіне барынша салмақты қарау керек. Науқастың бұл сөздері
көмек сұрағандығын білдіреді. Пациент жүрегінің түбінде маманның көмегімен
дертінен айығып, өмірін сақтап қалатындығына үміттенеді. Науқастың суици-
дальды ойлары жөнінде хабардар болған сәттен бастап шұғыл шаралар қолдану
керек (госпитализацияны
талап ету, тәулік бойына бақылау ұйымдастыру).
Қажетті зейін қоймау өмір мәнсіздігі жөніндегі ойларды тереңдете түседі. Егер
бұрын суицидке талпыныс білдірген науқастың кейін келе бұл тақырыпта
әңгімелесуден қашқақтаған жағдайда үлкен сақтық керек.
Қазіргі кезде көптеген күшті және қауіпсіз антидепрессанттар бар, дегенмен
олардың әсері баяу дамиды (емдеудің 2—3 апталарынан кейін). Сондықтан
суицид қауіптілігі жоғары науқастар алғашқы күндерде күшті тыныштандыра-
тын заттар қабылдаулары керек (левомепромазин 25—75 мг, диазепам 15—30 мг,
кветиапин 200—400 мг, тиоридазин 30—75 мг, сульпирид 400—600 мг, карбама-
зепин 400—600 мг немесе литий карбонаты 900—1200 мг тәулігіне).
Науқастың
түнгі ұйқысының жеткілікті болуын қамтамасыз ету керек. Дәрілік ем жүргізу
міндеттілігін біле отыра, психотерапия мен психологиялық сүйемелдеу рөлінің
370
XXIX Тарау. Психиатриядағы ургентті жағдайлар
маңыздылығын ұмытпаған жөн. Қазіргі кезде барлык ірі калаларда кризистік
ситуацияларда телефондык көмек кызметі («Сенім телефоны») кұрылуда.
Шизофрения
кезінде суицидалды жүріс-тұрыс императивті галлюцинация-
лармен, ипохондриялык сандыракпен байланысты болуы мүмкін.
Кейде
тұлғаның жеңіл шизофрениялык дефект фонында апатиялы наукастарда «экс
перимент» жүргізу тәрізді («не болатынын көру кызыктырды...» күгпеген суи
цидальды әрекеттер орын алуы мүмкін, осындай суицидтің мүмкіндігін алдын-
ала болжау өте киын.
Суицидальды жағдайлардың барлығы созылмалы психикалык аурулармен
байланысты деп санау дұрыс емес. Суицид себептері ауыр өмірлік жағдайлар,
отбасылык ұрыс-керістер, коммерциялык сәтсіздіктер, сүйіктісімен айрылысу,
ауыр физикалык дерт, жалғыздык болуы мүмкін. Статистика бойынша ерлер,
әйелдермен салыстырғанда, 3 есе жиі өмірлерін өзіне кол жұмсаумен аяктайды.
Бірак әйелдер суицидалды әрекеттерді,
ерлермен салыстырғанда, 4 есе жиі
жасайды. Осындай әрекеттерді жиі 15—40 жас аралығындағы адамдар жасайды,
бірак егде адамдарда ол талпыныстар жиі өліммен аякталады.
Достарыңызбен бөлісу: