Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ПРОФИЛАКТИКА, РЕАБИЛИТАЦИЯ, САРАПТАМА



Pdf көрінісі
бет210/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ПРОФИЛАКТИКА, РЕАБИЛИТАЦИЯ, САРАПТАМА


XXIX Тарау 
ПСИХИАТРИЯДАҒЫ УРГЕНТТІ ЖАҒДАЙЛАР
ХХ ғасырда белсенді антипсихотиктердің пайда болуы, өзге медициналық 
мекемелермен салыстырғанда, психиатриялық стационарлардағы жағдай қазіргі 
уақытта тыныш деп қарастыруға алып келді. Сонымен қатар, шұғыл шаралар- 
ды қажет ететін жедел жағдайлар — психиатрия мен наркологияда сирек 
кездесетін құбылыс емес. Осындай жағдайлардың бір бөлігі психоз жеделдігімен 
және науқас жүріс-тұрысының дезорганизациясымен (шизофренияның жедел 
ұстамасы, сана күнгіртгенуі кезіндегі қозу, ажитациялы депрессия), кейбіреулері 
жедел органикалық зақымдану нәтижесінде өмірді қамтамасыз етудің негізгі 
жүйелерінің салмақты бұзылыстарымен (жедел энцефалопатия, фебрильді 
шизофрения, эпилепсиялық статус) байланысты болады. Психиатриялық бөлім 
пациенттерінің арасындағы өлімнің жиі себебі суицидтер, дәрілік заттарды 
кездейсоқ немесе әдейі шектен тыс қабылдау және де психофармакотерапияның 
жедел пайда болған асқынулары болады.
ХХ ғасырдың ортасына дейін психиатрияда жедел жағдайлармен сырқат 
науқастарға көмектің тиімді әдістері болмады, сондықтан бұл топ науқастарында 
өлім жиілігі аса жоғары болды. Интенсивті терапия ж әне реаниматология 
әдістерінің дамуы (гемосорбция, плазмаферез, гипербариялық оксигенация, 
ЭТТ, краниалды гипотермия, парентеральды тамақтану, қышқылдық, тұздық 
және су балансын бақылау әдістері, қан ұйыту жүйесін реттеу, өкпені жасанды 
желдету және т.б.) аталмыш пациенттердің өмірі үшін күресте жоғары жетіс- 
тіктерге жетуге мүмкіндік берді. 70-жылдардың аяғынан бастап ірі психиатриялық 
ауруханаларда арнайы интенсивті терапия бөлімдерін құру қажеттілігі айқындала 
түсті. Осы бөлімдерде сындарлы жағдайлар кезінде өлім-жітім тек азайып 
қоймай, ЭТТ, плазмаферез, инсулинді коматозды терапия, лазеротерапия және 
т.с.с. белсенді әдістердің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет