374
XXIX Тарау. Психиатриядағы ургентті
жағдайлар
клейстермен хлоралгидрат ерітіндісін). Дәрілік заттарды (вальпроатттар, бар-
битураттар, бензодиазепиндік транквилизаторларды) назогастральды зонд
аркылы енгізуді колдануға да болады.
Егер, бірден тиімді әсерге қол жеткізілмесе,
реаним ациялы қ қызмет
шакырылады. Өмірге кабілеттілікті сүйемелдеу максатында шокқа карсы және
дегидратациялық терапия жүргізіледі: магний сульфаты (10-15 мл 25% ерітіндісін
бұлшықетке немесе көктамырға), лазикс (20-40 мг көктамырға ағымммен),
маннитол (200 мл 15-20% жаңадан дайындалған ерітіндісін), кортикостероид-
тар (1 -2 мл 3% преднизалон ерітіндісін немесе 2 -3 мл 0,4% дексаметазон
ерітіндісін көктамырға ағыммен), гепарин (5000 ЕД-дан тәулігіне 4 рет). Жүрек
кызметін сүйемелдеу үшін кофеин, кордиамин, строфантин, коргликон, эуфи-
ллин енгіземіз, гипотония жағдайында — мезатон енгізіледі. Тырысу жағдайын
тудыратын заттарды енгізуге болмайды (сульфокамфокаин, камфора, кетамин,
бемегрид, никетамид, прозерин). Реанимациялык
бөлімше жағдайында мио-
релаксанттарды колдану аркылы ингаляциялык наркоз жүргізіледі: біркатар
зерттеулерде баскарылатын ми гипотермиясы мен гемосорбция кезінде жаксы
нәтиже алынды. Ісіктер болған жағдайда декомпрессияға бағытталған шұғыл
операция жүргізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: