Байланысты: Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
Тамақ емес заттарға құштарлық не бұрма тәбет ахилияда, анемияда кездеседі. Тағам емес заттарға (бор, көмір т.б) кұштарлық Асқазан обырымен ауыратын пациенттерде ет, балық тағамдарына жиіркену болады.
Кекірік. Асқазан ішіндегі ауа не тамақтың шамалы бөлігінің ауызға оралуын кекірік деп атайды. Қарындағы тамақ көп уақыт тұрып қалса, онда ол шіри бастайды, кекірік шіріген жұмыртқа иісін береді. Кекірген тамақтың қышқыл татуы асқазанда қышқылдықтың көбейгенінен, ащы болуы асқазанға өт оралғанда, ашыған маймен татуы асқазанда органикалық қышқылдар көбейсе, шірік дәм ауызға оралса - асқазанда тамақ ұзақ уақыт тұрып шіри бастағанды білдіреді.