Бағалау критерийлері
|
Балдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Кәсіби-іскерлік сапалар
|
1
|
Сабақ беретін пәнді білу
|
|
|
|
|
√
|
2
|
Топпен және жеке студенттермен байланыс орната білу
|
|
|
|
|
√
|
3
|
Сабақ және пән бойынша қызықты мәлімет таңдай білу
|
|
|
|
|
√
|
4
|
Сауатты және интонациялы мәнерлеп сөйлеу
|
|
|
|
|
√
|
5
|
Нақты дикция
|
|
|
|
|
√
|
6
|
Қабылдауға жағымды сөйлеу жылдамдығы
|
|
|
|
|
√
|
7
|
Мәлімет түсінікті жеткізу алу
|
|
|
|
|
√
|
8
|
Тәжірибеден мысал келтіре алу (өмірмен байланысты)
|
|
|
|
|
√
|
9
|
Оқыту кезінде әр студенттің жеке ерекшеліктерін есепке алу
|
|
|
|
|
√
|
10
|
Студенттердің білім, білік және дағдысын объективті бағалай блу
|
|
|
|
|
√
|
11
|
Сабақта заманауи инновациялық технологияларды қолдану
|
|
|
|
|
√
|
12
|
Сабақта топтық және жеке жұмыстарды ұйымдастыра білу
|
|
|
|
|
√
|
13
|
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыра білу (СӨЖ және СОӨЖ)
|
|
|
|
|
√
|
14
|
Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану
|
|
|
|
|
√
|
15
|
Сабақта әдістемелік үлектірме материалдар қолдану
|
|
|
|
|
√
|
|
Қорытынды
|
75
|
Жеке сапа
|
16
|
Әділдік, принциптілік
|
|
|
|
|
√
|
17
|
Тәртіптілік
|
|
|
|
|
√
|
18
|
Студенттік тұлғалық құрмет
|
|
|
|
|
√
|
19
|
Студенттерге және өзіне талапшыл болу
|
|
|
|
|
√
|
20
|
Демократиялылық
|
|
|
|
|
√
|
21
|
Толеранттылық (төзімділік)
|
|
|
|
|
√
|
22
|
Эмоциялық тұрақтылық
|
|
|
|
|
√
|
23
|
Тактілі
|
|
|
|
|
√
|
24
|
Институттық патритизм (университетке деген махаббат)
|
|
|
|
|
√
|
25
|
Ой-өрісінің кеңдігі
|
|
|
|
|
√
|
26
|
Ұқыптылық, тиянақтылық
|
|
|
|
|
√
|
27
|
Эстетикалық тартымдылығы
|
|
|
|
|
√
|
28
|
Әзілді сезіне
|
|
|
|
|
√
|
29
|
Өзін-өзі ұстау этикасы
|
|
|
|
|
√
|
30
|
Мінез-құлық этикасы
|
|
|
|
|
√
|
|
Қорытынды
|
75
|
|
Сабақ бойынша қорытынды балдар
|
150
|
Қорытынды баға шкаласы: 150-120 – үздік, 119-90 – жақсы, 89-60 – қанағаттанарлық, 59-30 – жаман
Қорытынды, ескертулер мен ұсыныстар
Оқытушы Байжуманова Н.С. сабақ беретін пәнін өте жақсы біледі және студенттерге тақырыпты түсінікті әрі қызықты мысалдар келтіру арқылы түсіндіре алады. Жеке сапалары да өте жақсы. Сабақта әдістемелік үлестірме материалдарды көп қолдану керек. Студенттердің материалды жақсы меңгеруі үшін оларға берілетін жеке тапсырмалар көлемін ұлғайту керек. Сабақты өткізу барысында өте сабырлы және студенттерді әділ бағалай алады.
Практикант Біләлова Ж.С.
4 Өткізілген сабақтар кестесі
Сабақ түрі
|
Саны
|
Тақырыбы
|
Өткізу күні
|
Кураторлық сағат
|
1
|
Жел энергетикасы – болашақ энергетикасы
|
25.02.2020
1310-1500
|
Дәріс сабағы
|
2
|
Менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері мен әдістері
|
06.03.2020
1310-1455
|
Практикалық сабақ
|
2
|
Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар
|
|
4.1. Дәріс сабақтарының дайындамалары
Факультет: Машина жасау
|
Күні: 06.03.2020
|
Мамандық: Бастапқы әсери дайындық
|
Уақыты: 1310-1455
|
Кафедра: КБжП
|
Оқытушы: Байжуманова Н.С.
|
Топ: БӘД-17-1
|
Семестр: көктемгі
|
Пән: Білім берудегі педагогикалық
|
Сабақтың түрі: жаңа сабақты
|
менеджмент
|
меңгеру
|
Тақырып: Менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері мен әдістері
Жоспар:
1. Басқару әдістерінің жіктелуі
2. Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері мен әдістері, басқару әдістерінің жіктелуі, Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері жайлы толық ақпарат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері мен әдістері туралы түсінің беру.
Дaмытyшылық: Стyденттердің oй-өрiсiн, ынтaсын, бiлiм aлyғa қызығyшылығын дaмытy.
Тәрбиелік: Стyденттерді бoлaшaқ мaмaндығынa деген қызығyшылығынa, жayaпкершілікке, белсенділікке, іскерлікке тәрбиелеy.
Сабақтың жабдықталуы: оргтехника (проектор), компьютер, тақта
Дидактикалық қамтамасыз етілуі: презентация, топ журналы , дәріс материалы
Оқыту әдістері: илюсстративті түсіндіру әдісі
Сaбaқтың түрі: Жaңa білімді меңгерy
Сaбaқтың әдіс-тәсілдері: белсенділік, көрнекілік, әңгіме
Сaбaқтың бaрысы:
І.Ұйымдaстырy кезеңі (5 минут).
1. Стyденттермен aмaндaсy;
2. Сaбaққa қaтысyын тексерy;
3. Стyденттердің нaзaрын сaбaққa ayдaрy.
ІІ. Сaбaқтың жoспaры мен мaқсaтын тaныстырy (5 минут).
IV. Жaңa тaқырыпты жaриялay, мaқсaтын түсіндірy (50 минут).
1. Басқару әдістерінің жіктелуі.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан, ал ол белгілі бір ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Әдіс дегеніміз – қандай да басқару мақсатына жетуге қабілеті бар және басқаруға сәйкес әрекеттің түрін немесе бейнесін білдіреді. Бірақ қойылған мақсатқа жету үшін ынталандыру арқылы басқару ұжымының мүшелеріне ықпал етуі керек.
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жекелеген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіндер:
мақсаттарды анықтаудың ережесі;
басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу, бақылау және т.б.|
Осылайша, тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқару объектісіне ықпал етуді сипаттайды.
Жіктеудің жалпы тәсілдерінің бірі – бұл жалпы ғылыми және өзіндік ерекшелігі бар (жеке) әдістерін олардың білім салаларында қолдану критерий бойынша топқа бөлу болып табылады.
Жалпы ғылыми әдістерді әдістемелік нұсқаулықтардан көруге болады. Олар менеджмент әдістер жүйесінің негізін құрайды, мәселені жүйелі, әрі кешенді тәсілдермен шешуге негізделген оның жалпы ғылыми әдістемесін қалыптастырады. Жалпы ғылыми әдістерге, зерделенетін құбылыстардың тарихи тәсілдері, үлгілеу, эксперименттеу, экономикалық-математикалық алгоритмдерді пайдалану, әлеуметтік зерттеулер және т.б. жатады.
Жалпы ғылымидан басқа басқаруда қолданылатын өзіндік ерекшелігі бар әдістер де болады. Менеджмент әдістерін жіктеудің критерийлері: мазмұн, мотивация (себеп), ұйымдастыру түрлері және қолдану саласы.
Басқару әдістерінің мазмұны бойынша – ықпал етудің ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін топқа бөледі.
Мотивациялық көрсеткіштері бойынша мотивацияның материалдық, моральдық және мәжбүрлеу әдістері бөліп көрсетіледі.
Ұйымдастыру формалары бойынша басқару әдістері жалпы түрде жекешеге, ұжымдыққа және алқалыққа (коллегиальные) бөлінеді.
Қолданылатын салалары бойынша әдістер жалпы түрде (барлық жүйеге қатысты) және тұжырымды түрде (локальный) оның жекелеген бөлімдерде қолданылуына қарай болуы мүмкін.
Қандай да болсын басқару дәрежесін, өндірістік-шаруашылық міндеттерін сәтті шешу үшін жетекшінің басқарудың әр түрлі әдістерін кешенді түрде қолдануы қажет. Бұндай әдістерге мыналар жатады:
1. Басқарудың экономикалық әдістері (БЭӘ)
2. Басқарудың психологиялық-педагогикалық әдістері (БППӘ)
3. Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістері (БҰҰӘ)
Басқарудың экономикалық әдістері (БЭӘ).
Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика жағдайында мынадай міндетті істерді орындайды: реттеуші, теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен импортының көлемі бағытында, басқа да экономикалық процестерде құрылымдық жылжулар реттеледі.
Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде экономикалық әдістердің ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының бірі – жекелеген қызмет салалары мен түрлерін саралау тәсілдемесі болып табылады. Бұл саралау ең алдымен экономикалық ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы бар салаларында қолданылуы керек. Атап айтқанда салық және процент мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерде артықшылықтарға ие болуы қажет.
Басқарудың экономикалық әдістері – бұл адамдардың экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүделлерін пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.
Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан өндірістің тиімділігін бастапқы буын деңгейіне дейін арттыра алатын әдістерді бөліп көрсетуге болады. Оған мыналарды жатқызуға болады:
- экономикалық ынталандыру;
- экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру;
- баға және баға белгілеу;
- фирмалардың қаржылық саясаты және т.б.
Басқарудың психологиялық-педагогикалық әдістері (БППӘ).
Басқарудың психологиялық-педагогикалық әдістері – бұл ұжымды қалыптастыру мен дамыту процесіне, олардың арасындағы педагогикалық процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру. Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің себеп тудыратын сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған себептерді көрсетіп береді.
БПП әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал ету мүмкіндіктерін пайдаланады. Олар саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады. Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Себебі, әлеуметтік мәселерді шешіп алмайынша, еңбекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.
Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістері (БҰҰӘ).
БҰҰ әдістерін қолдану тетігі ұйымдастыру қатынастарының мәні болып табылады. Басқару объектісіне (ұжымдар, жеке қызметкерлер) мақсатты түрде әсер ету процесінде адамдар (органдар) арасындағы нақты ұйымдастыру қатынастарымен, ұйым заңдарымен айқындалатын басқару тетігі ашық көрсетіледі. Бұл әдістердің ерекшіліктері мынада:
1. Жүйеге тұтастай немесе оның элементтеріне жеке-жеке тікелей нұсқаушылық әсер етуді бейнелейді;
2. Басшыға бір мағыналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
3. Ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, өкімдердің және т.б. міндеттілігіне негізделеді.
БҰҰ әдістері жоғары тұрған билікті еркін орындау үшін басқару аппараты қызметкерлерінің жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге тиісті.
Басқарудың құқықтық әдістерінің рөлі.
Мемлекеттік басқару құқықтың негізі ретінде және оның талаптарына сәйкес болмаса жүзеге асуы мүмкін емес.
Құқық – қоғам мүшелері арасында еңбекті бөлу мен өнім бөлуді реттеуші (анықтаушы) ретінде қолданылады. Бұл «реттеуішті» іс-тәжірибеде қолдану мемлекеттің міндетті қызмет аясының айрықша құзыреті.
Басқарудың құқықтық әдісі туралы айтқанда басқару жүйесіне ықпал ететін экономикалық реформаның, экономикалық өмірдің ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл негізгі ұстанымдар мемлекеттік басқару барысында мемлекеттің экономикалық процестерді жалпы ұлттық ауқымда ұйымдастыруға бағдарланған біртұтас басқару еркімен жүзеге асады. Осының барлығы құқықтық тәсілдердің көмегімен өмірге енгізіледі.
2. Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері.
Принцип латын сөзі, ол басшылыққа алатын идея, негізгі талап немесе қағида деген мағынаны білдіреді. Басқару кез-келген әрекет түрі сияқты белгілі бір принциптерді сақтауға негізделеді. Басқару принциптері – бұл басқару функцияларын жүзеге асыру бойынша идеяның негізін салушы. Принциптер басқару заңдылықтарымен сипатталатын нақты көріністер болып табылады. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан Ю.А.Конаржевский келесідей басқару принциптерін бөліп көрсетеді:
адамға сенім арттыру мен сыйласымдылық принципі – басқарушы мен педагогикалық ұжымның негізгі принципі ретінде алға шығады. Бұл принцип әрбір педагогтың сенім артуында көрсетілген, оның тәртібін және барлық педагогикалық ұжымның өмірлік әрекетін тереңінен сипаттайды;
адам көзқарасының біртұтасық принципі – білім беру мекемелерінің құндылықтар жүйесіндегі екінші маңызды бағыт болып табылады. Басқаша айтқанда, басқарушы педагогикалық ұжымның әрбір мүшесін жай қызметкер ретінде ғана емес, оның барлық қажеттіліктерін, себептерін, мақсаттарын, әсер алу мүмкіндіктерін педагогикалық әрекет ету процесінде басынан өткеретін жеке тұлға ретінде қарастырады;
ынтымақтастық принципі – монологтық басқарудан диалогтік негізге ауысуды, қарым-қатынас жасаудан тіл табысуға ауысуын, субъект-объектті қатынастан субъект-субъект қатынасына ауысуды сипаттайды;
әлеуметтік әділеттілік принципі – педагогикалық ұжымды басқаруда әрбір педагогтың басқалармен салыстырғанда бірдей жағдайда болуын қарастырады, ал оның әкімшілікпен өзара әрекеттесуі басқару құралы ретінде емес, оның мақсаты ретінде адамды түсіну негізінде құрылады;
басқарудағы жеке тұрғы принципі – басқарушының әрбір педагогқа қатысты жеке ерекшеліктерін, кәсіби даярлық деңгейін, қызығушылықтарын, өмірлік және әлеуметтік тәжірибесін есепке алуын көрсетеді;
педагог жұмысын байыту және сапаландыру принципі – педагогтың кәсіби қызығушылықтарын ояту және оның кәсіби сенімділігін қолдау арқылы әрбір педагогтың кәсіби әрекетін түрлендіруге басқарушының тырысуымен сипатталады;
ынталандыру принципі – жұмыс барысындағы педагогтың жеке қызығушылықтарын қамтамасыз етеді, ұжым және жалпы білім беру мекемесінің алдында белгілі бір міндеттерді қабылдауға әсер етеді;
консенсус принципі – педагогтар бойындағы әр түрлі көзқарастар мен өзіндік пікірді қалыптастыру негізінде басқарушының ұжымды пікір бірлігіне келтіруімен анықталады;
ұжыммен шешім қабылдау принципі – бұл басқаруды демократизациялаудың құралы ретінде алға шығады;
мақсатты үйлесімділік принципі – басқарушы жұмысының басқару мақсатымен, мақсатқа сәйкес келуімен анықталады, соның нәтижесінде білім беру мекемелерінде мақсатты толықтық пайда болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық ұжым мүшелерінің жеке кәсіби мақсаттарының білім беру мекемелерінің жалпы мақсаттарына сай келуін қарастырады;
көлденең байланыс принципі – педагогикалық ұжымдағы әрбір мүшенің арасындағы байланысты орнатумен, ақпаратпен және тәжірибемен алмасумен тығыз байланысты, яғни ұжымда педагогқа кәсіби жекеленуіне (оңашалануына) мүмкіндік бермейді;
басқаруды автоматтандыру принципі – менеджерлер тобын қалыптастырудың қажетті шарты бола отырып, басқаруды демократизация-ландырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады;
әр уақытта жаңарту принципі – білім беру мекемелерін қызмет ету режимінен даму режиміне ауысуын қамтамасыз етеді.
Сонымен басқару процесі кезінде басқарушы жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алуы тиіс.
V. Жaңa мaтериaлды бекітy:
Сұрaқ-жayaп:
Басқару әдістерінің мазмұны бойынша нешеге бөлінеді;
Басқару дәрежесін, өндірістік-шаруашылық міндеттерін сәтті шешу үшін қолданылатын басқару әдістері;
Басқарудың экономикалық әдістері;
Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық және психологиялық-педагогикалық әдістерін сипаттаңыз;
Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістерінің ерекшеліктері;
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан Ю.А.Конаржевскийдың көрсеткен басқару принциптері;
Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан өндірістің тиімділігін бастапқы буын деңгейіне дейін арттыра алатын әдістері;
Басқарудың әдістеріне анықтама беріңіз.
Топтық жұмыс:
1-топ: басқару әдістерін анықтамасымен келістіру;
2- топ: басқару принциптерін анықтамасымен келістіру.
Өзіндік жұмыс: басқару әдістерін салыстырмалы түрде жазу.
VI. Сaбaқты қoрытындылay: Өткізілген сaбaққa жалпы шoлy жaсay. Студенттердің сaбaққa барысына қaтысy белсенділігін тaлдay және бaғaлay.
Қолданылатын әдебиеттер:
Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г
Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997
Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000
Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Меенджмент. Алматы,2006
Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г
Достарыңызбен бөлісу: |