Пән бойынша дәріс материалдары



бет27/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз

Аудиттің құрамы. Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар:

  1. Шаруашылықтағы субъект

  2. Мәлімет;

  3. Аудитордың мамандығы;

  4. Фактірлерді жинау және бақылау;

  5. Аудит стандарты;

  6. Аудитор ақпараты, есебі.

Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет.
1. Шаруашылықтағы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субъектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметрлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты қарастырылуы қажет. Мысалы, заң субъектілері немесе экономикалық объектіге қосыомайтын мәлімет жүйесі.
2. Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырылады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметттерін құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дурыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі есептен болуы мүмкін: 1) ақпаратта кейбір мәліметттердің жетіспеушілігінен; 2) ақпарат дұрыс жасалынбағандықтан.
3. Аудитордың мамандығы. Аудит жүргізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қорытынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.
4. Фактілерді жинау және бақылау. Аудитордың негізгі мақсаты ол – факті жинау. Себебі ол факторлер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды.
5. Аудит стандарты. Жиналған фактілер, мәліметтер өз кезегінде бір жүйеге келтірілүі қажет. Оған негіз аудит стандарты. Стандарт дегеніміз мәліметті бір жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік жеке нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.
6. Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру барысында анықталған кемшіліктердің мазмұнын, өзінің аудиторлық қорытындысын ақпараттарда көрсетеді.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті мен мақсатын толық орындау үшін, оның принциптерін білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет