Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет20/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Диспансер
Амбулаториялық және стационарлық жағдайда тиімді медициналық технологияларды қолданып және тері, венерологиялық және басқа жыныс жолдары арқылы таралатын аурулармен ауыратын науқастармен жұмыста диспансерлік ұстанымды сақтай отырып, әкімшілік аймақтың тұрғындарға жоғары білікті мамандандырылған кеңес беру-диагностикалық және емдеу-профилактикалық дерматовенерологиялық көмек көрсету.
Дерматовенерологиялық қызмет әрекетінің барлық түрлерінің мақсатты бағдарламаларын әзірлеу, жоспарлау. Мемсанэпидембақылау орталығымен бірлесе отырып, жыныс жолдары арқылы таралатын аурулар мен жұқпалы тері ауруларына эпидемиологиялық бақылау жүргізу.Тұрғындардың жыныс жолдары арқылы таралатын аурулармен, дерматозбен және жұқпалы тері ауруларымен науқастануы кезінде оларға кеңес беру, диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы субъектісі емдеу-профилактикалық мекемелері қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік ету.
Диспансер құзіреті аумағында Қазақстан Республикасы субъектісі емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі емдеу-профилактикалық үдерістің сапасына бақылау жасау.Жыныс жолдары арқылы таралатын аурулардың, жұқпалы тері аурулары және дерматоздың таралуын ескерту бойынша мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге қатынасу.Тері-венерологиялық мекеме тәжірибесіне жұмысты ұйымдастырудың, жыныс жолдары арқылы таралатын аурулардың, дерматоздың алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи технологияларын енгізу.Медициналық алдын алу орталықтарымен бірлдесе отырып, жыныс жолдары арқылы таралатын аурулар мен жұқпалы тері ауруларының алдын алу, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
Диспансер құзіретіне енетін мәселелер бойынша симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б. ұйымдастыру және өткізу.


Күндізгі стационардың қызметтері
Күндізгі стационардың негізгі жұмысы түрлі сипаттағы ем мен профилактикаларды оның ішінде созылмалы аурулардың асқынуларына терапия жүргізу негізгі мақсат болып табылады.Сізге Алматыдағы күндізгі стационарға жазылуға болады. Мұнда жоғары білікті, терапия, кардиология, функциональды диагностика мен хирургиядан анестезиологиядан сондай-ақ жедел медициналық көмектен мол тәжірибесі бар дәрігерлер ұжымы қызмет атқарады.Күндізгі стационарда түрлі таралған ауруларды курстық әдіс арқылы емдеу тиімді жүргізіледі:

  • ретинопатия;

  • жүректің ишемиялық ауруы;

  • созылмалы ми ишемиясы;

  • цереброваскулярлы ауру;

  • диабетикалық полинейропатия;

  • жарақаттан соңғы энцефалопатия;

  • дисциркуляторлы энцефалопатия;

  • варикозды аурулар;

  • бауырдың созылмалы ауруын емдеу терапиясын қолдауда;

  • төменгі қан айналымындағы тығындалушы атеросклероз және т.б.

Күндізгі стационарда емделушіге қажетті медициналық көмек беріледі. Терапиялық іс-шаралар мен түрлі процедуралардың курстық қабылдауларына кереует-орын бөлінген.Дәрігер-мамандар мен білікті қызметкерлердің жіті бақылауымен барлық маниуляциялық шаралар қадағалулармен өткізіледі. Күндізгі стационарда емделуші сапалы медициналық қызмет алып өзін жайлы сезініп, еш қиындықсыз ем алады. Ем клиникада жүргізіледі ал емделуші өзін өз үйінде жүргендей сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет