Пјн Информатика сынып 7в Дата



бет28/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#18093
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.


Сабақ барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Компьютердің программалық жасақтамалары дегеніміз не?

  2. Жүйелік программалар?

  3. Қолданбалы программалар?

  4. Драйверлер деген не?

  5. Интерфейс деген не

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады.
Дербес компьютерлерлерге арналған операциялык жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жүмыс істеуін елестету қиын ғой.
WINDOWS 98,WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық – бір компьютерде бір уакытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бүл жүмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жүмыс жыддамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген IBM - үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі мея көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.
Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды үйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жүмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (қысу) программаларын, компьютердің жүмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналғаң, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мүндай программаларды жүмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.
Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жабдықтамалардың кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жүмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңцеуді түгел қамти алатын болды.
Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған прогаммалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келгш ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жүмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде үзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, қүжаттарды кағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.
Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайыңдау шапшандайды, оларды безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулық та компьютерлік баспа жүйесінде дайындалды).
Кең тараған мәтін редакторларынаМісrоsoft Word, PageMaker, WordPerfect т.б. жатады. Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижежрін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіж графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады. Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар түрғызуда да қолданылады.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернзлермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мүнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.
Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын үйымдастырады, олардың мектепте, не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі информациялық-анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компыютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. ОЖ және оны қолдану тәртібі?

  2. Стандартты программаларды ата?

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға операциялық жүйе және стандартты программалар туралы мәлімет беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет