5.Атомарлы сутекпен калий перманганатының тотықсыздануы (бөліну кезіндегі).
Сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісіне бірнеше тамшы КМnО4 ерітіндісін қосып, қоспаны екі сынауыққа бөліңдер. Оның біреуіне мырыш түйіршігін салып, екіншісіне Кипп қондырғысынан сутек жіберіңдер. Сынауықтардағы ертінділердің түсінің өзгеру жылдамдықтарын салыстырындар. Түстерінің өзгеру жылдамдықтарының айырмашылықтарын түсіндіріңдер. Реакция жылдамдығының теңдеуін жазыңдар.
№ 15 жұмыс. Сутек пероксиді
Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер: 100 мл химиялық стакан, 5 % H2SO4, суытқыш қоспа (қар немесе мұздың NaCl мен қоспасы), барий пероксиді, термометр, сұйытылған K2Cr2O7 ерітіндісі, этил эфирі, сынауықтар, газ өткізгіш түтігі бар тығын, MnO2, сұйытылған КМnО4 ерітіндісі, KІ ерітіндісі, метилоранж, NaOH ерітіндісі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |