Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет82/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

3 жаттығу

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы шеңберден шығып, шеңбердің сыртында тұрып, жаттығуға нұсқаулық береді.



Нұсқаулық: «Сіздер бір жарым минут уақыт бойы бір-біріңізге мұқият қараңыздар». (Уақытты жаттықтырушы қадағалайды). Бір жарым минуттан кейін, жаттықтырушы барлығының орындықта отырып, шеңберге арқасымен бұрылуды өтінеді, топтың бір мүшесінің қасына жақындайды да, оған қарап, мысалы: «Берік мен шеңбер бойымен жүрдім (жаттықтырушы оңға,солға қарай жүреді) сөйтіп, бірінші, екінші, үшінші адамнан өтіп, төртінші адамның қасына тоқтадым. Бұл кім?». Берік жауап береді (егер оның жауабы дұрыс болмаса, оған тағы бір рет жауап беруіне және дұрыс жауап айтылғанша мүмкіндік беру керек. Одан кейін жаттықтырушы Берікке топтың есімі аталған мүшесінің сыртқы келбетіне қатысты бір қатар сұрақтарға жауап беруін ұсынады. Мысалы, «Қанаттың мойнында галстугі бар ма?», «Оның қолында не бар?», «Оның жейдесінің түсі қандай?» және т.б.

Әрі қарай жаттықтырушы осындай тапсырмаларды топтың 4-5 қатысушысына береді. Жаттығудың соңында, жаттықтырушы барлығына шеңберге қарап бұрылып, тағы да бір-біріне мұқият қарауды өтінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет