Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу. Жаттығу жұппен орындалады. Нұсқаулық



бет81/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

2 жаттығу. Жаттығу жұппен орындалады.

Нұсқаулық: «Бұл жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады. Олардың әрқайысысы белгілі бір уақытқа мөлшерленген. Мен сіздерге не істеу керек екендігін айтамын, уақытты қадағалаймын және аяқталған кезін хабарлаймын.

1 тапсырма 5 минут көлемінде бір-бірімізге үнсіз қарап тұрамыз.

2 тапсырма Бір-біріңізге арқаңызбен бұрылыңыз. Дәптер мен қалам алыңыз. Мен сіздің серігіңіздің сыртқы келбетіне қатысты сұрақтар қоямын, сіз жазбаша жауап беріңіз. Сіздің серігіңіздің көзінің түсі қандай? Оның жүзінде қалы бар ма? Егер бар болса, қай жерінде орналасқан? Оның қасының түсі қандай? Оның бетінде бет шұңқыры бар ма? Ал енді бір-біріңізге бұрылыңыздар да, жауаптарыңыздың дұрыстығын тексеріңіз.

3 тапсырма Қазір жұптарымызды алмастырамыз, серіктестердің бірі өзінің сол жағында отырған көршісімен жұп құрады. Бір минут бойы бір-біріңізге үнсіз қарап отырасыздар.

4 тапсырма Бір-біріңізге арқаңызбен бұрылыңыз. Дәптер мен қалам алыңыз. Мен сіздің серігіңізге қатысты сұрақтар қоямын, сіз жауабын жазбаша бересіз. Сіздің серігіңіздің аяқ киімінің түсі қандай? Оның қолында (мойнында, киімінде) қандай да бір әшекей зат бар ма? Оның сағаты қай қолында? Оны киімінің түймелерінің түрі қандай? Бір-біріңізге бұрылыңыздар да, жауаптарыңыздың дұрыстығын тексеріңіз.

5 тапсырма жұптағы серіктестердің бірі сол жағында отырған жұпқа алмасады. Көңілдеріңізді бір-біріңізге жұмылдырыңыздар. Кім бірніші тапсырманы орындайтынын шешіңіздер. Қазір тапсырманы бірінші орындайтын адам, өзінің серігіне алдағы жаттығуды орындау барысында ол туралы не біле алғандығын жеткізеді. Асықпаңыз, бірнәрсені жіберіп алмауға тырысыңыз. Әңгімені былай құру керек: егер сіздің серігіңіз қыз баласы барлар орын ауыстырған кезде өз орнында қалғанына сенімді болсаңыз, сіз оған: сенің қыз балаң жоқ, сен классикалық музыканы тыңдағанды жақсы көресің, француз тілін білесін және т.б. Екінші серіктес мұқият тыңдайды, одан кейін сіздің өзі туралы әңгімеңізді толықтырады. Одан соң ролдеріңізді ауыстырасыздар». (Бұл тапсырманы топта 1 жаттығуды орындалған болса ғана пайдалануға болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет