13 жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Қазір мен «бір» дегенде барлығыңыз көзімізді жұмасыздар, ал «екі» дегенімде жұмулы көздеріңізді ашпай тұрасыздарда, орындарыңызды ауыстырасыздар. әркім өзіне жаңа орын табуы керек, әрі бұл кезде сіздің оң немесе сол жағыңызда тұрған орындықтарға отырмауыңыз керек. Тапсырманы орындау барысында, мен сіздердің бөлме ішіндегі қозғалыстарыңыздың қауіпсіздігін бақылайтын боламын. Сонымен «бір», (үзіліс) «екі».
Егер кейбір қатысушылар өз еркімен жаңа орын таба алмай қалса, жаттықтырушы тағы да бір әрекет жасауды ұсына алады.
Жаттығу қатысушылардың тактильді және дыбыстық белгілерге назар аударуларын талап етеді. Сенсорлық каналдардың өзара әрекетін дамытумен қатар, жаттығу жақсы топтық нәтиже береді, топтың бірігуіне және топтық қалыпқа сеніммен қарауға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |