Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет97/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

19 жаттығу

Бұл жаттығу жұмыстың бірінші немесе екінші күнінде өткізіледі. Қатысушылар 2 немесе 3 шағын топқа бөлінеді, олардың әрқайысысы бір-біріне кедергі жасамайтындай орналасады.



Нұсқаулық: «Қазір шағын топ мүшелерінң бірі басқаларына арқасымен қарап тұрады, ал қалғандары кезекпен (кез-келген тәртіпте) оған кез- келген сұрақтарды қояды. Жауап беруші өз жауабын айтар алдында, сұрақ қойған адамның есімін атуы керек. Егер ол сұрақ қоюшының есімін дұрыс атаса, оған келесі сұрақ қойылады. Қателескен жағдайда, топ бұл жөнінде жауап берушіге айтады да, сұрақ қоюын жалғастырады. Әркім бір сұрақ қоя алады.

Барлық сұрақтар қойылып болғаннан кейін, келесі қатысушы жауап беруші орнына тұрады, және топтың барлық мүшесі осы ролде болып шыққанға шейін жаттығу жалғасады. Кезекті өздеріңіз белгілейсіздер».

Тапсырма қарапайым көрінгендігімен, серігін дұрыс қабылдау үшін белгілі дәрежеде талпынысты талап етеді. Көп жағдайда қателіктер орын алады.

Талқылау барысында, бір-бірін толық біле алу мүмкіндігі толық болмады, алдыңда адмады көрмей дауысын есту үйреншікті жағдай еместігі туралы ойлар айтылады.

Жаттығу сенсорлық каналдардың өзара әрекетін дамытуға және қатысушыларды топтық процесстерге жұмыла араласуына септігін тигізеді.


20 жаттығу

Жаттығу қатысушылар бір-бірін жақсы тани бастаған жұмыстың екінші-үшінші күндерінде өткізіледі. Жетекші топты 2-3 шағын топқа бөледі.



Нұсқаулық: «Қатысушылардың әрқайысысы кезекпен өз тобының алдына шығады да, арқасымен қарап тұрады. Қалғандары оған өз дауыстарын өзгерте (реңін, жиілігін, қаттылығын, екпінін өзгерте) кез-келген сұрақ қояды.

Сұраққа жауап берер алдында, жауап беруші сұраушының есімін атайды. Егер ол қателесе, қателескеннін айту керек. әрі барлығы міндетті түрде сұрақ қою қажет емес. Тек сұрақтардың реті сақталуы тиіс, ал кімнің қанша сұрақ қоятыныны шағын топ өзі шешеді.

5-6 сұрақ қойылғанан кейін (жаттықтырушы шағын топқа арнап мысалдар келтіреді) жауап берушілердің кезегі ауысады».

Жаттығуды талдау барысында жаттықтырушы қатысушылардың назарын жауап беруші шешкен міндеттің түріне аударады. Таныс дауысты өзгерткен кезде, оның екпіндік, дірілдік, әдістік, эмоционалдық және тембр ритмділігі сипаттамалар «анықтаушыға» ерекше болып көрінеді. Алайда айтылған сөзде «бұрмалаушыға» тән инварианттық сипатама байқалады. Оларды анықтау «жауап берушінің» міндеті болмақ. Жаттығудың басында қатысушыларға бұл тапсырманы орындау мүмкін емес сияқты көрінеді. Бұл жағдайда жаттықтырушы жұмыстың мазмұнына назар аударуды ұсынады, ал танудың сан алуан кейде тіпті толық дәлелдері бұл сенімсіздікті жояды. Талдаудың құралы ретінде сөздің сипатамаларын, басқа әсерлерін құбылту мүмкіндігі бола алады. Топ мүшелері әртүрлі қорытындылар жасайды, мысалы, әйел дауысын егер ол төмен жиіліктегі дірілмен құйқылжыса, ажырату қиындырақ екені туралы, ал ер адамның дауысы- жоғары жиілікті болады.

Бұдан біз көп жағдайда біздің тәжірибеміз шектеулі немесе еліктірілген сипатамаға тән салаларда қателіктер болатындығы жөнінде қорытынды жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет