22 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Шеңбердің ортасында бос орындық тұрады.
Нұсқаулық: «Қазір араларыңыздан біреуіңіз шеңбердің ортасына шығып, орындыққа отырады, алақандарын жоғары қаратып тізесіне қояды да, көздерін жұмады. Біз кезекпен еркін ретте оның қасына келіп, қолымызды оның алақанына қоямыз. Орындықта отырған бұл кімнің қолы екенін анықтауы керек. Әрбір жақындаған адамның есімі егер дұрыс аталса, мен «иә» деймін, ал қателескен жағдайда «жоқ» деп жауап беремін. Біз еркін ретпен жақындаймыз, сондықтанда кейбіреу бірнеше рет жақындауы мүмкіндігін, ал кейбіреу мүлде жақындамайтындығын ескертемін».
Ерікті адам табылып, шеңбердің ортасындағы орындыққа көзін жұмып отырғанан кейін, жаттықтырушы кезекпен жақындауы тиіс адамдарды көрсетеді.
Жаттығудың барысында шеңбер ортасында 3-4 адам болуы мүмкін.
Жаттығу тактильдік сезімталдылықты, қоршаған ортадан алған ақпаратты алу каналын қолдана отырып басқа адамды сезіне білу қабілеттілігін жетілдіруге бағыталған.
Достарыңызбен бөлісу: |