Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


АДАМДАР МЕН ТОПТАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН, ЖАҒДАЙЫН, ҚАСИЕТІН, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР



бет101/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

АДАМДАР МЕН ТОПТАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН, ЖАҒДАЙЫН, ҚАСИЕТІН, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Бұл тарауға адам мен топтың жағдайын, қарым- қатынасын және қасиеттерін түсіну мен жорамалдау қабілеттілігін жетілдіруге бағытталған жаттығулар енгізілген. Түсінудің ең маңызды талаптарының біріне адамның табиғаты және ерекшелендіретін белгілері туралы білімі және бұл психологиялық феномендерді анықтайтын семантикалық сөздерді жоғары деңгейде сезіну жатады. Сондықтан да, келтірілген жаттығулардың бір тобы бақыланатын жағдайлар мен қарым-қатынастардың көрінісінің нәтижелерін вербализациялау дағдыларын дамытуға бағытталған. Нақтырақ айтсақ, бақыланатын жағдайлар мен қарым-қатынастардың белгілерін нақты бейнелеу басқа адамның мінез- құлқына талдау беру мен болжау жасаудың тепе- теңдігін анықтайды.

Бұл тараудағы жаттығуларды теориялық сенситивтіліктің дамуын зерттеу мақсатында талдау барысында жаттықтырушы адам қасиетінің, ерекшеліктері мен жағдайының айырмашылықтары мен түсінуімен байланысты теориялық көріністерге сүйене алады. Психологиялық білімнің осы саласында жинақталған деректердің барлық ауқымын толығырақ сипаттау біздің міндетімізге жатпайды, сондықтан да, біз өз көзқарасымыз бойынша, сенситивтік тренинг бағдарламасын жүргізушіге бағдар беретін мәліметтерді баяндаумен ғана шектелеміз.

Л.П. Гримак: «Адам өмірі - әруақытта бір-бірін алмастырып тұратын жағдайлардың жалғасқан тізбектері» (13) - деп жазады. 1889 жылы Ч.Дарвиннің оның ұлы Френсистің жетекшілігімен жарық көрген «Выражение эмоции у животных и человека» атты еңбегінен бастап, бүгінгі күнге дейін адам жағдайының бейнеленуіне деген ғылыми қызығушылық төмендеген емес. Адамның эмоционалдық, регулятивтік және когнитивтік жағдайын түсіну мен көрінуі туралы әртүрлі бейнеленген және жүйеленген түсінік қалыптасқан.

Орыс психологы әрі дәрігер И.А. Сикорский психикалық жағдайлар бақылаушыға әңгіме айту кезіндегі бет- жүзінің қимылы және дене қимылы мен тұрысы, физиологиялық сүйенулерінің өзгерісі арқылы байқалады және көрініс алатындығы туралы айтқан. Ол: Егер сезімнің сыртқы келбеті бейнелеу деп қабылдасақ, онда сол бейнелеу мұқият бақылауға алатын сыртқы белгі болмақ» (14)- деп жазды. Болжам жасауда екінші орынға ол қол мен көздің қимылына назар аударды, үшінші орын – дененің қозғалысы мн тұрысына оның ішінде басым бейнелеуге ие мойын мен келісті дене бітіміне назар бөлген.И.С. Сикорский адам сезімдерінің ең жиі көрінетіндерінің төмендегідей тізбегін береді: таң қалу, қорқыныш, жүрексіну, қауіптену, жағымсыз - наразылық білдіру сезімі, мұң, сағыныш, жағымды рахаттану сезімі, қуаныш, ашу және одан туындайтын кекшілдік, зығырданы қайнау, жек көрушілік, көңіл ауу және жақтырмау, сұлулық пен парыздың жоғары сезімдері біздің И.А. Сикорскидің ойларына кеңірек тоқталғанымыздың себебі, басқа зерттеушілерге қарағанда, ол тек эмоционалдық жағдайлардың сыртқы көріністерін теңестіру процесіне ғана емес, сонымен бірге когнитивтік, ерік күштік жағдайларға және адамдар мен олардың қасиеттерінің арасындағы қатынастың көрініс алуына назар бөлген.

Бейнелеу мимикасының алғашқы жіктелуін шетелдік ғалымдар арасында Вудворс талқылаған (15). Ол 1938 жылы эмоциялардың келесі тізбектің шкаласын қалаған: 1. Махаббат, бақыт, шаттық. 2. Таң қалу. 3. Қорқыныш, қайғыру. 4. Ашу, шешімділік. 5. Жеркенушілік. 6. Жек көрушілік. 1941 жылы Х.Шлосберг және оның әріптестері Вудворстың біркелкі тізбектің шкаласынан координаттар бойынша белгіленетін шеңберлік шкалаға ауысты: «қанағаттану-қанағаттанбау», «көңіл бөлу- жаратпаушылық» және «белсендіру деңгейі» (16). бұл эмоционалдық жағдайларды дискреті белгілеуден үздіксіз және көпқырлы координаттарға жылжудағы ілгері қадам болды. Х.Шоолсбергтің идеясын тексеруге бағытталған әртүрлі зерттеулер ең берік әрі біліктілігі басымырақ белдік «қанағатану –қанағаттанбау» екендігін көрсетті. 1977 жылы К.Изард негізгі деп атаған 10 эмоцияны ерекшелеп сипаттайды: 1. Қызығушылық- тебіреніс. 2. Қанағаттану – қуаныш. 3.Таң қалу. 4.Қайғы- қиналу. 5. Ашу. 6. Жиіркену. 7. Жек көру. 8. Қорқыныш. 9. Ұят. 10. Кінә (17).

Сонымен қатар К.Изард жеке тұлғаның эмоционалдық қыры идеясының негізін қалап, ілгерлеушілік қадам жасады. Ол тұрақты және жиі түрде көрінетін негізгі эмоциялардың екі немесе бірнеше кешені субъектінің тұрақты эмоциялық сипаттамалары: үрейлілік, махаббат және өшпенділікті қалыптастыруы мүмкін деп санайды.

Шыныменде де, көп жағдайда қандай да бір күй кешу, әрі тек ғана эмоционалдық ғана емес, сондай-ақ когнитивтік және регулятивтіктер қалыпты тұрақтанған құбылыс сияқты болады.

Осындай жағдайда, қандайда бір күй жеке тұлғаның қасиеті мен сапасына айналуы мүмкін, мысалы, ерікті түрде назарды жиі белсендіре түсу мұқияттылықты қалыптастырады және т.с.с. қандай да бір эмоционалдық күйді жиі кешу тұрақтанып қалу және оның мимикалық компонентін үдетеді. Адам үшін қанағаттанбаушылық немесе кез-келген кезде жымия салуға дайын тұру мимикасы әдетке айналуы мүмкін. Сондай-ақ жиі қорқыныш сезімін кешу немесе қайғыны бастан өткеру адамның бет-жүзі мен жалпы кейпінде өз «ізін» қалдырады. Эмоционалдық күйдің тұрақты қалыпқа айналған мимикалық компонентіне сүйене отырып, біз өзімізге таныс немесе таныстығы шамалы адам туралы (кейде суретіне немесе бейне жазбаларға қарап) «қандай күш-жігерге толы жүз», «тәкәппар жан», «оптимист», «депресант» деп айтамыз, яғни адамдардың жеке ерекшеліктеріне қарап шешім жасайсыз. Егер осындай жағдайда бет –жүзінің, тұрысы мен дене қимылының жағдайға қатысты күйі емес, шынымен де қалыпты күйі айтылса онда біздің шешіміміз дұрыс. Жеке ерекшелігі туралы ақпаратты адамның келбетінің басқа элементтері: шаш қою, киімі, әшекей бұйымы т.с.с. жеткізуі мүмкін. Бұл жерде ескертетін жағдай, адамның қасиеті, жағдайы мен қатынасымен салыстырғанда қандай да бір эмоцияның экспрессивтік белгілеріндей тікелей берілмейді. Әрі адамдар арасындағы қарым- қатынас пен қасиеті адамдардың бір-бірін жете танудың негізгі нысанына жатады. Сондықтан да сыртқы келбетінің элементтеріне, мінез-құлқы мен қимыл-әрекетіне талдау беру арқылы адамның бойындағы жеке өзгерістердің бейнеленуі оны әртүрлі жағдайларда бақылау арқылы таныстықты жалғастыра түсуді қажет етеді. Сол себептен де, қасиеттер мен қарым- қатынасты анықтаумен байланысты жаттығулар топ мүшелері бір-бірімен қарым- қатынаста қажетті деңгейде тәжірибе жинақтаған кезде, яғни жұмыстың үшінші бесінші күндері өткізіледі.

Бұл жерде сенситивтік тренинг бағдарламасының аясында белгілі деңгейде шешілуі мүмкін жеке тұлға қасиеті мен қарым-қатынасын вербализациялау мәселесіне тоқтала кету қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, адамның қасиеттері мен қарым- қатынасының үйреншікті тілі мен ғылыми (түсініктер мен категориялардың бірқатар ондығын құрайтын) мүмкіндігін сезіну жөн болар. Үйреншікті тілде мыңға жуық түсініктер қолданылады, олар көп жағдайда өзінің көпқырлығының есебінен түсіндіру міндетін тиімді шешеді. А.Г. Шмелев пен оның бірлескен авторлары «тұрмыстық» үйреншікті тіл туралы: Көркем әдебиет және жаппай байланыс жүйесі тілімен өзара әрекеттесе отырып, тұрмыстық тіл суреттеуде өзінің идеографиялық деңгейі жағынан көптеген ғылыми теориялардан асып түсетін даралау және нақтылау құралдарын иелене түседі» - деп жазады (18). Жеке тұлғаны жағдайын, қасиеттері мен қарым- қатынастарын тануға және ары қарай вербализациялауға бағытталған жаттығулар бұрмалай талдау беру үрдісін түсіну және жоюға көмекке беретін белгілі деңгейде мазмұнды мағлұмат береді.

Олардың кейбірі жеке тұлғаның имплициттік теориясы аясында суреттелген тиімділіктермен байланысты. Олардың қатарына әр адамның бойында жеке адамның ерекшелігі арасындағы байланыс жүйесі туралы жасырын, сезілмейтін субъективті түсініктер болатындығы жатады, олар нақты өмірде төмендегідей жолмен көрінеді: серігінің бойында қандай да бір қасиеттің басым екендігін субъективті түрде байқаған адам, оның бойында белгілі қасиеттермен байланысты басқа ерекшеліктердің басым екендігі туралы қорытынды жасайды. Жеке тұлғаның субъективті теориялары барабар түсініктермен қатар көршілер алынған немесе кездейсоқ үзінділермен толы екендігі түсінікті, бұл оларды талдау жасау барысында пайдалануда әртүрлі бұрмалаулардың орын алуына жетелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет