23 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап тұрады.
Нұсқаулық: «Қазір біз бөлме бойымен жүреміз және мен кімнің есімін атаймын сол адам, әрқайысымыз өзін елестете алатын қандай да бір оқиғаны ұсынады, біз сол оқиғаға еніп, сол кезде орын алатын сезімдер мен жағдайларды сезінуге тырысайық. Сонымен, мен бастаймын: біз қалың ну орманда келе жатырмыз....».
Әрі қарай жаттықтырушы әрбір жиырма- отыз секундтан кейін топтың келесі мүшесінің есімін атайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін: «Әр оқиғада сіздің бойыңызда қандай сезімдер пайда болды?», Ұсынылған оқиғалардың қайсысында өзіңізді елестету сіз үшін оңай болды, ал қайсысында – қиындық тудырды?» - деген сұрақтар қоюға болады.
Талқылау барысында келесі сәттерге назар аударған жөн:
бір оқиға әр адамның бойында өте әртүрлі тіпті кейде қарама- қайшы жағдай тудырады;
адамдар бір оқиғадан екінші оқиғаға ауысудың әр алуан жолдарын біледі, және бұл қабілетті дамыту қажет;
Көбіне өмірде жиі кездескен оқиғаларда өзін елестету оңай;
Қандай да бір оқиғаға тән жүріс- тұрысты, дене қимылын пайдалану сол оқиғаларда көрініс табатын ерекше жағдайлар мен қасиеттерді сезінуді, оқиғаға енуді жеңілдетеді.
Әртүрлі машықтық топтарда қатысушылар ұсынған оқиғаларды мысалға келтірейік: театрға асығудамыз; ағылшын ханшайымының қабылдауында болдық; маса көп ну орманда келе жатырмыз; сурет галлереясында жүрміз; дүкенде тобыр арасынан сөреге қарай жол ашып жүріп барамыз. Таудағы жіңішке жолмен, батпақпен, теңіз жағалауымен, ұсақталып сынған әйнектің үстінен жалаң аяқ жүріп барамыз және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |