27 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап тұрады.
Нұсқаулық: «Әрқайысымыз кезекпен өзінің ішкі жағдайын бейнелейтін қимыл жасасын, ал біз ол қимылды адамның жағдайын сезінуге, түсінуге тырыса 3-4 рет қайталайық».
Жаттығу аяқталғанан кейін топқа: «Сіздің пікіріңізше, біздің әрқайысымыздың жағдайымыз қандай?» деген сұрақ қоюға болады. Қатысушылардың бірінің жағдайына қатысты бірнеше болжам айтылғаннан кейін, сол адамға жағдайының нақты күйі туралы түсіндіріп беруін өтіну керек.
28 жаттығу
Топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады. Олардың алдында ортада орындық тұр.
Нұсқаулық: «Қазір мына орындыққа арамыздан кейбіреуіміз отырып, қиялындағы телефонмен сөйлесе бастайды. Әрі олар бірде- бір сөзді дауыстап айтпауы керек. (Жаттықтырушы алдын-ала топтың 3-4 мүшесімен келісіп алады. Жаттықтырушы олардың біреуіне телефон арқылы – баламен, басқасына- бастықпен, үшіншісіне- досымен немесе сүйікті адамымен және т.с.с сөйлесуді өтінеді.) Біздің міндетіміз- кіммен және не жайлы әңгіме өрбігенін түсіну».
Әрбір сөйлесу бір минут шамасына созылады. Одан кейін жаттықтырушы бақылаушылардан кіммен және не туралы сөйлескені жөнінде болжамдарын айтуды өтінеді. Талқылаудың келесі кезеңінде жаттықтырушы: «Сіз (мысалы) Торғынның кіммен әңгімелескеннін анықтау барысында неге сүйендіңіз?» деген сұрақ қоюға болады. Бұл сұрақтың бірінші кезеңінде дұрыс жауап берген қатысушыларға қойған дұрыс болады.
Талқылау барысында, негізінен, адам кіммен сөйлесіп жатқаннын анықтаудағы негізгі бағдар оның вербалды емес әрі ең алдымен бет қимылының көрінісіне бақылаудың көмегімен иденфицирланған жағдайы болғандығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |