24 жаттығу
Топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Қазір араларыңыздан кейбіреулеріңізге қандайда бір эмоциялық сезім немесе жағдай жазылған текшелер беріледі. Олар текшеде жазылғанды ешкімге көрсетпей оқиды. Одан кейін текшені иеленген әр адам онда жазылған сезімді немесе жағдайды вербальды емес түрде бейнелейді. Тапсырманы кезекпен жартылай шеңбердің ортасына шығып, топқа арқасымен қарап тұрып жасайды. Қалғандарымыздың міндетіміз – адамның бет- жүзін көрмей арқасынан бақылай қанда» сезім немесе жағдайды бейнелегенін анықтау».
Бұл жаттығуға арналған сезімдер мен жағдайлардың тізбегінің үлгісі: қуаныш, қайғы, таң қалу, шыдамсыздық, қорқыныш, мазасыздану жән т.с.с.
Әрбір бейнелеуден кейін бақылаушылар бейнеленген сезім немесе жағдайға қатысты жорамалдарын айтады, ал жаттықтырушы оны атайды. Одан кейін: «Сіз жағдайды анықтау кезінде қандай белгілерге сүйендіңіз?» деген сұрақ қоюға қандайда бір жағдайға тән пантомимикалық және дене қимылдық көріністердің «банкін» жинауға мүмкіндік береді.
Бұл жаттығуды алдыңғы жаттығумен сәйкес өткізгенде қандай да бір жағдайды анықтайтын бет қимылының, пантомимикалық және дене қимылдары қозғалысының сәйкестігін анықтауға болады.
25 жаттығу
Жаттығу үштікте (төрттікте) өткізіледі. Үштіктің құрамын қатысушылар өздерінің серіктерін қаншалықты танитындығы негізіне сүйене анықтайды.
Нұсқаулық: «Біздің өмірлік тәжірибемізде қандай да бір терең эмоционалдық әсерленушілік күй кешкен жағдайлар бар. Солардың біреуін есіңізге түсіріңізде, топқа айтып беріңіз. Сол сәттегі өзіңіздің жағдайыңызды тыңдармандар толығымен сезіне алуы үшін нақтылай суреттеп беріңіз».
Жаттығу жағдайды вербализациялау дағдысын дамытуға бағытталған, олардың әсерленуінің субъективті ерекшеліктері туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік береді, қатысушылардың бірауыздылыққа келуіне және топтық қалыпты жақсартуға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |