Өзгерту
Қатысушылар 4-5 адамнан құралған шағын топтарға бөлініп, шағын шеңберлер құрай бөлме бойына отырады.
Нұсқаулық: «Шағын топтың қатысушыларынң бірі көзін жұмады да, алақанын жоғары қаратып тізесіне қойып отырады. Ал қалғандары ерікті ретте оның алақанына өздерінің қолдарын тигізеді. Міндет – кімдердің қолдары екенін анықтау. Әрқайысысы «анықтаушының» орнында алты рет болуы тиіс. Кері байланыс әрбір «анықталғаннан» кейін орнайды».
Басқа түрі: Кері байланыс әрбір қатысушы жұмысты аяқтағанан кейін орындалады.
Талқылау барысында әртүрлі ойлар айтылады. Тоқталатын болсақ, топ мүшелері олардың алдына қойылған міндеті шешу процесі барысында туындайтын қиындықтар туралы айтады. Көпшілігіне ол аяқасты туындаған болады. Көп жағдайда, қатысушылар бір сенсорлық жүйе көмегімен алынған тәжірибені екіншісіне жеткізу мүмкіндігі бола бермейтіндігін шағым айтады. Сондай бір пікілердің бірі: «біз өз тобымызда жұмыс істей бастағанда, мен өзімнің кезегім келгенге дейін бар қолдарға мұқият назар аудардым, менің көргеніммен, есте сақтағанымның тапсырманы орындау барысында көмегі тиер деп ойладым. Алайда, олай болмай шықты. Мысалы, мен тырнақтарының ұзындығына қарадым (біздің топта тек әйелдер болды), бірақ та мен көзімді жұмып, тырнақтардың ұзындығын сипау арқылы анықтай бастағанымда алған әсерлерім мүлде басқадай болды».
Сондықтан да бұл жаттығуды талдау барысында басқа адмдар туралы толық, барабар көрніс қалыптастыру үшін барлық сенсорлық жүйелер: көру, есту, сипап сезу және т.с.с көмегі арқылы қалыптасатын әртүрлі тәжірибе керек екендігін сезіну қажетілігі туралы шешімге келеміз.
Бұл жаттығуды талқылау барысында қатысушылардан: «Сіз алдыңызға қойылған тапсырманы қалай шештіңіз?» деген сұрақ қоюға болады. Әдетте, бұл сұраққа берген жауапта олар көздеген белгілерді тізіп шығады. Бұл –форма, қолының өлшемі, қызуы (салқын немесе жылы алақан), қол қай жақтан беріледі және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |