21 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Қазір әрқайысыңыз қандай да бір жануардың аты жазылған текше алады. Онда не жазылғаныны ешкімге көрсетпей оқыңыз».
Жаттықтырушы жануарлардың аты жазылған текшелерді таратады, мысалы, «ит», «қораз», «мысық», «аю» және т.б. қандайда бір жануардың аты екі, үш немесе төрт текшеде жазылуы тиіс. Сол себптен, 12 адамнан құралған топқа төрт жануардың аты жазылған текшелер таратылуы мүмкін.
«Енді көздеріңізді жұмыңыздар. Қазір біз барлығымыз, орнымыздан тұрамыз да, менің бұйрығыммен тапсырманы орындай бастаймыз: бірдей жануардың аты жазылған текшелердің иелері тек бір құралды пайдалану арқылы – яғни, текшесіне жазылған жануардың үнін келтіру арқылы бір топқа жиналуы керек. Жұмылған көздеріңізді тек менің бұйрығымнан кейін ғана ашуға болады. Бастадық».
Жаттықтырушы жаттығуға қатыспайды. Ол оның орындалуын қадағалайды, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қай топ басқаларынан бұрын жиналғанын белгілеп отырады. Егер қатысушылардың бірі ұзақ уақыт бойы өз тобын таба алмаса, жаттықтырушы оған көмектесе алады, мысалы, ол «ит» болса, жаттықтырушы оған: мысалы, «Менің әлі барлық «иттерім» жиналған жоқ» деп көмектессе болады.
Барлық қатысушылар бір-бірін тапқаннан кейін, жаттықтырушы олардың жұмулы көздерін ашуын өтініп, әр топқа «Сіздер кімсіздер?» деген сұрақ қояды. Бұл барлығы өз тобында ма екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Талқылау барысында: «Сіз өз тобыңызды іздеу барысында қандай әдісті қолдандыңыз?» деген сұрақ қоюға болады. Дегенмен, кейбір қатысушылар үлкен белсенділік танытады екен: олар жануарлардың дауысын келтіру мен қатар басқаларды да тыңдайды басқа екі әдіс негізінене екі түрдің біріне бағытталған: олар үндемей тек айналасында не болып жатқанын тыңдауды жөн көреді және «өз» жануарларының үніне қарай қозғалады. Басқалары дауыс келтіреді де оларды тапқанша күтіп тұрады.
Жаттығу есту сезімталдығын дамытуға, қатысушыларға қоршаған ораға бейімделе алу мүмкіндіктерін кеңейтетін тәжірибе алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл жаттығу көңіл-күйді көтеріп, қатыушылардың шаршағандығын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |