8 жаттығу
Топ шеңбер құрап отырады. Жаттығуды өткізу үшін қатысушылардың есімі жазылған текшелер қажет.
Нұсқаулық: «Мен қазір топтың әр мүшесінің есімі жазылған текшелерді таратамын. (Жаттықтырушы текшелерді таратады). өз текшелеріңізге кімнің аты жазылғаныны ешкімге көрсетпей қараңаздар. Ары қарай сіздер келесі әрекетті жасауларыңыз қажет: «бір» деганде (мен санаймын) сіздің текшеңізде есімі жазылған адамды көзге түспестен қадағалайсыз; сондай-ақ бақылауыңызды тоқтатпай, уақыт ара, бірақ жиі емес, алдын-ала таңдалған екі қимыл- әрекеті жасайсыз: мысалы басыңызды шайқау, көзіңізді жұму, алақанын сипалау және т.б. мен үш минуттан кейін, «екі» деген кезде: «Сізді қалай бақылады?», «Сіз бақылаған адам қандай екі қимыл-әрекет жасады?» деген екі сұраққа жауап беруге дайын болуыңыз керек».
Үш минуттан кейін, жаттықтырушы топтың бір мүшесіне, нұсқулықта айтылған сұрақтарды қояды. Алдымен ол: «Сізді қалай бақылады?» - деп сұрайды, егер жауап дұрыс болса, екінші сұрақты бақылауындағы адам қандай қимыл-әрекеттерді жасағанын жауап беруі тиіс бақылаушыға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |