4 жаттығу
Жаттығу тәуліктің бірінші жартысында өткізіледі, барлық қатысушылар шеңбер бойымен отырады.
Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз. Сонымен қатар әрқайысымызға мұқият зер салып, көп нәрсе байқауға тырысыңыздар және ешкімді назарыңыздан жіберіп алмаңыз. Қанекей тұрайық».
Жаттықтырушы жаттығуға қатысады. Топтың барлық қатысушылары амандасып болғаннан кейін, ол шеңбер бойымен отыруды өтінеді.
«Өзіңіздің көргеніңіз туралы әсеріңізді жадыңызда сақтаңыз. Бұл сіздің сұрақтарға жауап беруіңіз үшін қажет: «Сіз арамыздан кімнің келбетінен, көңіл- күйінен, қарым- қатынасын жаңа не байқадың?» Арамызда кімнің біздің біруімізге қатысты жауабы бар, айта берсе болады. Кім туралы айтылды, сол жалғастырады. Кезекті қатысушы жауап берерінің алдында өзіне қатысты естігендеріне өзінің толықтыруларын айтуына (өз әсерімен, сезімімен бөлісуіне) болады».
Жаттығуды орындау барысында, қатысушылардың айтылған пікірлерді толықтырғылары келген тілектерін білдіріп жатар. Жүргізуші оған мүмкіндік береді.
Жаттығу топты жұмысқа жұмылу, оның бірауызға келуіне, топтық қалыпты жақсартуға септігін тигізеді.
5 жаттығу
Жаттығу тәуліктің бірінші жартысында ұйымдастырылады. Топтың қатысушылары шеңбер құрап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |