3 өзгерту
Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Бір» деген кезде, әркім өз орнында отырған күйінде, үнсіз өзіне жұп таңдайды. Ал «екі» деген кезде, барлығымыз көздерімізді жұмамыз да, тұрып, өз жұбымызды табамыз. Жұмулы көздеріңізді тек мен бұйрығымнан кейін ғана ашуға болады.
Жаттықтырушы жаттығудың орындалу барысын қадағалайды және барлық жұптар біріккеннен кейін ғана көздерін ашуды бұйырады.
14 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Назарлаңызды қазір естігеніңізге шоғырландырыңыз «үнге мән беріңіз». Мүмкіндігінше көбірек дыбыс естуге және жадыңызда сқтауға тырысыңыз».
Бір-екі минуттан кейін жаттықтырушы барлығының көздерін ашуға естігендерін айтып беруін және мүмкін болса дыбыстың көзін айтуын өтінеді. Талқылауды төмендегідей ұйымдастыруға болады: әрқайысысы кезекпен өзіне дейін аталғандарды қайталамай өзі естіген дыбысты атайды.
Талқылау барысында, топ мүшелерінің кейбірі басқалар естімеген немесе елемеген дыбыстарды (мысалы, көршісінің демі) ести алғандығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |