Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


«Өмірзая» романы туралы. Роман кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

 
«Өмірзая» романы туралы. Роман кейіпкерлері. 
Шығарманың бас кейіп-
кері – Аяған Қуатов, ал оның ұстазы – Алдияр Ақпанұлы. Роман оқиғасы 


60
бойынша Аяған Сыздық Кенесарин туралы, ал 
Алдияр Ақпанұлы Кенесары туралы ғылыми 
зерттеу жазып, мақалалар жариялаған. Кеңес 
кезінде Кенесары туралы еңбек жазған және 
кеңес заманында сол үшін саяси қуғын көр-
ген, қорлық көрген Ермұхан Бекмаханов екені 
белгілі, дегенмен шығарманың кейіпкерін 
прототип деп болжаған тұлғаның өмірбаяны-
мен салыстырғанда, роман оқиғасы бойынша 
толық сәйкес келмейді. Мәселен, Кенесары Қа-
сымұлы туралы ғылыми-зерттеу еңбек жазған 
Ермұхан Бекмаханов өзі қуғын көре жүріп, 
шәкіртіне Сыздық туралы ғылыми мақа-
ла жаздыруы мүмкін емес еді. Е.Бекмаханов 
1966 жылы қайтыс болған, ал роман бойынша 
Алдияр Ақпанұлы қайтыс болған кезде қазақ 
тарихында орын алған 1986 жылғы Желтоқ-
сан көтерілісі болып жатты, яғни бұл арада көркемдік уақыт танылады. 
Уақыт кеңістігі 1966 және 1986 жылдар аралығымен алғанда, екі ара-
да жиырма жыл, осылайша Алдияр мен Аяған бейнелері арқылы қазақ-
тың отансүйгіш, ұлтын сүйген азаматтардың жинақты образы жасалғаны 
белгілі болады. 
Роман әдеби жанр ретінде іштей бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, тари-
хи роман, әлеуметтік роман, сатиралық роман. Тарихи роман шын өмірде 
болған нақты оқиғалар бойынша жазылатыны анық. Сонымен бірге тари-
хи роман жазу барысында шығарма авторының белгілі дәрежеде еркіндігі 
бар, ол жинақтаушы образдарды сомдай алады. Осы тұрғыдан алғанда
«Өмірзая» романындағы кейіпкерлер автордың идеясына қызмет етеді. 
Жазушының бірінші міндеті кеңес дәуіріндегі саясатты жинақты түрде 
көркем әдебиетте бейнелеу болған. Сонымен бірге қазақ халқы кеңес идео-
логиясының ықпалымен біржақты теріс саясатқа бағындырылса да, елдегі 
ұлттық рух өлген жоқ деген ой да сезіледі.
Назар аудар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет