1.Спорттық ойындар
Ойын дегеніміз – ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ең басты мақсатымыз – денсаулығы мықты бала тәрбиелеу, әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сәби шымыр болсын десек – денешынықтыру сабағында спорттық ұластырып, белсенді жаттығулар жасау қажет. Осы мақсатта біз келешекте де ұрпақтың денсаулығын сақтау әрі нығайту мақсатында тиімді іс-шараларды оннан әрі жүзеге асырамыз. Олар: спорттық ойын-сауықтар, түрлі сайыстар және отбасылардың қатысуымен өтетін кештер. Бірқатар мерекелік ойындарды атап кетсем: «Денсаулық елінде», «Көңілді жарыс», «Қысқы олимпиадалық ойындар», «Күн, ауа және су ең жақсы досымыз» және «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» 20 жұлдызды күн шеңберінде «Денсаулық» күніне арналған «Отбасы – алтын ұя» мерекелік спорттық жарыс өтілді.
Спортпен айналысудың өте пайдалы екені жиі айтылып, жарнамаланып жатады. Мамандар спортпен айналысу үшін алдымен денсаулықты тексертіп алуға кеңес береді.
Себебі денсаулығыңызда ақау бар болса, спортпен абайлап айналысу керек. Оның үстіне жаттығу кезінде ағзадан белгілі бір мөлшерде токсин бөлінеді. Бұл токсиндер тері, бүйрек, бауыр арқылы сыртқа шығарылады. Егер күрделі жаттығулар жасап, адам ағзасына шамадан тыс күш түсірсе, онда зат айналу баяу жүріп, ақырында ауруға шалдығады.
Қандай спорт түрлері пайдалы?
Адам ағзасына айтарлықтай күш түсірмейтін әрі хобби болып есептелетін би, жүзу және таза ауада коньки, шаңғы, шана тебу, теннис, бадминтон, баскетбол, футбол, хоккеймен өте пайдалы. Бұл спорт түрлері адамдарды ұжымдаса отырып қимылдауға, ауызбіршілікке дағдыландырады.
Егер қоғамнан алшақ, оңаша болуды қаласаңыз, шахмат, дойбы, домино, тоғызқұмалақ ойындарын байқап көріңіз.Жаттығудан кейін бірден тамақтанбаңыз. Аздап демалып, су ішіп, душ қабылдаңыз. Сұйық тамақтар ішіп, көкөністер мен жемістер жеуге дағдыланыңыз.Егер спортпен айналысуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда бір мезгіл жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу, адамның қабілетіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |