Ti—Si—B—N қаптамалардың қаттылығы (шамамен 70 ГПа) өте жоғары болады.
Олардан жасалған кесетін құралдарға жүргізілген сынақ нəтижелері жақсы көрсеткіштер
берді.
Бор нитридті қаптамаларға алюминий қосу арқылы ультрамайда түйіршікті
құрылымдар алуға болады. Ti—Al— B—N қаптамаларында көлемі 0,3...0,8 нм болатын
кристаллиттер бар. Мұндай қаптамалар тозуға төзімділігі жағынан электронды –сəулелік
булаумен синтезделген Ti—B—N қаптамалардан басым түседі. Ti—B—C—N жəне Ti—
Si—C—N қаптамаларына көміртек енгізу үйкеліс коэффициентін 0,2.0,3 –ке
дейін
төмендетуге ықпал етеді, бұны қатты майлаушы қызметін атқаратын көміртектің оңды əсері
деп түсіндіруге болады.
Антифрикациялық қаптамалар.
Космос аппараттары детальдары үшін «хамелеон»
түріндегі наноқұрылымды қаптамалар пайдаланылады Қаптаманың үстіңгі бөлігіндегі
трибологиялық қабаттардың химиялық құрамы үйкеліс процесінде қоршаған ортаның
құрамы мен температурасына қарай өзгеріп тұрады, сондықтан, қаптамалар осындай атқа ие
болған. WC, TiC, A1203 қатты фазалары тозуға төзімділігі жоғарылығын қамтамасыз етеді, ал
(С, WS2, BN жəне өзгелері) майлаушы фазалары жұптасу байланысында үйкеліс
коэффициентін төмендетеді.
Наноқұрылымда, қабат қаптамалардағы секілді, майлаушы фаза ретінде MoS2
молибден
дисульфиді қолданылады. Ti—MoS2, TiN—MoS2, Ti—SiN— MoS2, TiB2—MoS2
қаптамалары көпке белгілі.
Фольфрам селенидтерінің үйкеліс коэффициенті төмен жəне ауа ылғалдылығы жоғары
болғанда тотығуға қарсылығы ұлғаяды. Жоғары қабатына Wsex аморфты матрицасы енген
WSex жəне W30 WSex/TiC нанокристалды фазалардан тұратын WSex/Ti—C—N и
WSe^/Ti— Si—N қосқабатты қаптамалардың ауадағы (0,015.0,05) жəне судағы (0,06.0,07)
үйкеліс коэффициенті төмен болуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: