С. К. Султангазинов ҒумарбекДаукеев атындағы аэжбу «ЭСжээж» кафедрасының доценті


 Жерлендіру құрылғыларының қабылдау-тапсыру сынақтары



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата16.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#146675
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
1eW5PDdIcayYRpBg27it9vTqOb4hXJ
Tt, ИНФ Лабд11, Расписание по АС каз, Гулайым Батырбекова., 5-9 оку багд, nish-otvety-languages, TapScanner 25-07-2022-14꞉25
5.2 Жерлендіру құрылғыларының қабылдау-тапсыру сынақтары 
Жерлендіргіш құрылғыларының қабылдау-тапсыру сынақтары барлық 
электрлік-орнату жұмыстарын жасап біткен соң, қарап және тексеріпжобалық 
құжаттамаларға сай болғанда жасалады [3].
 
Жерлендіру құрылғыларының сипаттамасы апат кезінде адамдар мн 
жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасых етуі керек. Со нымен бірге электр 
құрылғыларының пайдалану функциялары қамтамасыз етілуі керек: релелік 
қорғаныстың жұмысы; найзағай токтарын жерге жіберу; төменгі кернеу 
тораптарының оқшауламасын қорғау; электр магниттік кедергілерді 
төмендету; жарылу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. 
Жерлендіргіш құрылғыларға нормалауға бірінші кезекте кедергіні 
ережелеу жатады. Бейтарабы оқшауланған электр құрылғыларда жерлендіру 
құрылғыларының кедергісі табиғи жерлендіруді есепке алғанда болуы керек: 
R < 250/I, (5.1) 
бірақ 10 Ом-нан аспауы қажет; I – жерге тұйықталу тоғы, А [11]. 
Кернеуі 1 кВ дейінгі электр құрылғыларында да бірге жерлендіру 
құрылғыларын пайдаланғанда бейтарабы терең жерленген жерлендіруші 


34 
құрылғының кедергісі кернеуі 380 В үш фазалы торапта 4 Ом-нан аспауы қажет 
[11]. 
Кернеуі 6-10/0,4 кВ қосалқы станса үшін бір ортақ жерлендіру 
құрылғысы жасалуы керек, оған төмендегілер қосылуы қажет: 
- күштік трансформатордың 0,4 кВ жағындағы бейтарабы; 
- кабельдік желінің металл қаптамасы мен қабаты; 
-электр құрылғыларының ашық ток өткізгіш бөліктері; 
- ток трансформаторы мен өлшем кернеу трансформаторының сәйкес 
нүктедегі орамдары. 
Жерлендіру құрылғыларының қ а б ы л д а у - т а п с ы р у жұмыстары 
электр монтаждық жұмыстар біткен соң жасалады. Құрылғының барлық 
элементтері мұқият қаралады және жоба мен ПУЭ талаптарына сай тексеріледі.
Қимасы, бүтіндігі және өткізгіштің қорғанысының беріктігі, қосылуы және 
жалғануы тексеріледі. Қабылдау-тапсыру жұмыстарының көлемі келесі 
операцияларды қамтиды: 
- жерлендіргіш құрылғылардың элементтерін тексеру құрылғының 
элементтерін қарау жолымен жасалады және жоба құжаттамасына сай 
анықталады; 
- электр қондырғысының жерлендіргіш элементтер мен жерлендіру 
арасындағы тізбекті тексеру; 
- жерлендіру құрылғыларының кедергісін өлшеу табиғи жерлендіруді 
жалғау арқылы жасалады; өлшенген шамалар жоба құжаттарында келтірілген 
шаманы қанағаттандыруы қажет; сонымен қатар өндірістік кәсіпорынның 
қосалқы стансаларында өлшеу монтаждан соң, күрделі жөндеуден соң немесе 
қайта құрудан кейін, және пайдаланудың бірінші жылы мен мекеменің 
нұсқаулығына сай мерзімдежасалады
- жанасу кернеуінің нормаларымен салынған электр құрылғыларында 
жанасу кернеуін өлшеужасалады; 
- жерлендіру құрылғыларының ауданында топырақтың меншікті 
кедергісін өлшеу. 
Жерлендіру құрылғысын пайдалануға тапсыру кезінде келесі құжаттар 
тізімі болуы қажет: орындалған сызбалар мен құрылғылардың сұлбалары
жабық жұмыстардың актілері мен ашық түрде төселген қорғалған 
өткізгіштердің актілері; «фаза-ноль» тізбегіндегі кедергі мен жерлендіру 
кедергісін өлшеудің хаттамалары; электр қондырғылары корпустары мен 
жерлендіргіштердің арасындағы тізбекті тексерудің хаттамасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет