Сабақ №1 Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары



бет42/46
Дата14.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#126337
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Fiziologia
Fiziologia
Терінің іріңді аурулары.

Терінің аурулары (плодермия) әр түрлі іріңдеткіш микробтардан (стептококс, стафилококс т.б.) пайда болады. Сырқат ауру адамнан да киім- кешек пен тұрмыстық заттардан да жұғуы мүмкін. Іріңді аурулар жеке гигиеналық тәртіпті сақтамағанда, теріні дұрыс күтпегенде, жарақаттағанда (тері кесілгенде, жарақат түскенде, насекомдар шаққанда), тершең болған кезде, созылмалы ауруға шалдығып организм әлсірегенде де пайда болады.

Кейде бұдан басқа аурулар (қышыма) өршіп, емдеуді қиындатады. Ең көп кездесетін іріңді тері аурулары: фолликулит (көпіршік безінің қабынуы), импетиго (іріңді бөрпе), сикоз (шаш түбінің қабынуы), безеу, сыздауық, көршиқан, т.б.

Плодермия әдетте, кенет басталып, бірнеше күннен не бірнеше аптадан кейін басылады: әлсіз адамдарда жара ұзаққа созылуы (айлап, жылдап), сөйтіп оңайлықпен жазылмайтын ауруға айналу мүмкін. Тері жарасының мақсатын екі пайыз салицил спиртімен, календула тұнбасымен (балаларға жартылай ыстық суға езіп), тағы басқа дәрі-дәрмек пен сүртеді. Жарақаттаған жер қызарып ісінгенде және ауырсынғанда дәрігерге қаралу қажет. Іріңді жарадағы инфекция өршіп кету мүмкін, сол үшін оны жууға, оған ыстық компрес басуға болмайды. Ауру адамның ішкі киімі бөлек жуылып, сода қосылған суға қайнатылады, бөлме іші ұдайы желдетіліп, дымқыл шүберекпен сүртіледі. Ойдағыдай емделу үшін дұрыс тамақтанудың айрықша маңызы бар. Белокты витаминді тамақты көбірек ішіп, ащы, тұзды, спиртті ішімдіктерден бас тартқан жөн. Іріңді жаралар әсіресе емшектегі балаға өте қауіпті. Іріңді жара бала терісінде көбінесе жиі терлегенде пайда болады, көпіршіктеніп, не іріңді көпіршік түрінде байқалады. Бала денесінен бірді екілі жара шыққанда оған, дезенфекциялық дәрі-дәрмек жағады. Жараны жартылай су қосылған арақпен де сүртуге болады. Егер жара өршіп кетсе дәрігерге көрсету керек.

Іріңді жарадан сақтану үшін теріні таза ұстап, сәбилердің тырнағын өсірмей алып, қолын жиі жуып емізіп тұрған жөн. Тері жарақатына дереу дезенфекциялық дәрі-дәрмектер (иод) жағуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет