Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме


Жаңа сабақ Мағынаны тану(түсіну)



бет18/36
Дата11.12.2021
өлшемі267,42 Kb.
#99546
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
0003993c-cf33a296
0003993c-cf33a296
Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Тотығу дәрежесі мен валенттілік ұғымдарын топтарға бөліп беру, қалған топқа оны алдыңғы сыныптардағы валенттілік пен тотығу дәрежесімен салыстыру.

Химиялық элементтің аса маңызды қасиеттерінің бірі - валенттілігі. Валенттілік деп бір элемент атомының басқа элементтің атомының белгілі бір санын қосып алу қабілетін айтады. Алғашқы кездерде элементтің валенттілігі сутек І, оттек ІІ бойынша анықталады. Демек, элементтің атомының валенттілігінен оларға қанша сутегі, оттегі атомдарды қосыла алатынын білдік.

Н - СІ Н - О - Н Н N - Н

Атом (элементтің) валенттілігінің физикалық мәнін атом құрылысы мен химиялық байланыс туралы теория түсіндіреді. Элемент атомдары электрондарды беру, қосып алу немесе электрон жұптарын түзуге қабілетті. Атомдар арасындағы химиялық байланысты түзуге қатысатын электрон валенттілік электрондар деп аталады. Валенттілік электрондарға сыртқы аяқталмаған деңгейдегі электрондар жатады. Сырттан санағанда екінші деңгейдегі электрондар да валенттілік бола алады, сондықтан марганецтің жоғары валенттілігі ҮІІ-ге тең, хромдыкі ҮІ, яғни топ нөміріне дәл келеді. Валенттіліктің мәні берілген атомның басқа атомдармен қосылғандағы химиялық байланыстың саны ретінде анықталады.

Тотығу дәрежесі:

тұрақты: Н, К, Zn

ауыспалы: Cl, P, Se

оң: Na, Al, Ca

теріс: S2-, N3-, O2-

Жай заттардың элементтердің тотығу дәрежесі: Ғе, СІ, О, Н2

Тотығу дәрежесі - бұл қосылыстар тек иондардан тұрады деп санап, есептеумен табылған қосылыстардағы атомдардың шартты заряды.

Күкірттің тотығу дәрежесі:

S +16 1 S2 2 S26 3 S24 3d10

осы жерде элементтің валенттілігінің қозған күйін айтып түсіндіру қажет. Элементтің тотығу дәрежесі - шартты түсінік, бірақ ол әр түрлі заттарды жіктеген кезде , олардың қасиеттерін сипаттағанда және тотығу - тотықсыздану реакцияларын қарастырғанда жиі қолданылады.

Қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесін біле отырып, оның тотықтырғыштық немесе тотықсыздандырғыштық қасиетін көрсететін болжап айтуға болады. Мысалы, күкірт қышқылында күкірт жоғары тотығу дәрежесін (+6) көрсетеді, демек бұдан әрі электрондарын бере алмайды, сондықтан күкірт қышқылында тек тотықтырғыш болады. Күкіртсутекте күкірт, керісінше төменгі (-2) тотығу дәрежесін көрсетеді де, одан әрі электрон қосып ала алмайды, сондықтан күкіртсутек тек тотықсыздандырғыш болады. Күкіртті қышқыл аралық тотығу дәрежесін (+4) көрсетеді, электрондарды береді де, қосып та алады, жағдайға байланысты тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет