-Мағына тұтастығы.Кем дегенде екі сөз құралып, бір мағына беруі.Мысалы:жігері құм болды, нарттай жанды.
-Құрылымының тұрақтылығы.Құрамындағы сөздерін өзгертсе, мағынасы мүлдем бөлек болып кетеді.Мысалы, сағы сынды дегенді, сағы үзілді деуге болмайды.
-Қолданылу тиянақтылығы.Сөйлеуші дайын тұрақты тіркес ретінде қолданады.
-Бейнелілігі.Қабағы кірбің тартты деген бейнелі фразеологизмнің баламалары-ренжіді, жабырқады.
№2-ресурс Мақал-мәтелдер де фразеологизмдер сияқты әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы.Ондағы сөздердің орынын ауыстыруға келмейді.Мақал -мәтелдер тұрақты тіркестер сияқтя аз сөзбен көп мағына береді.Мысалы:Бидайдың кеудесін көтергені-дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені-ақылы жоқтығы.
Мәтел-ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.Мысалы:Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.