Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А



бет42/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:сұрақтар:
1.Зат алмасуды ғылыми түрде қалай атайды? (метаболизм)
2. Заттар мен энергияның алмасуы неше сатыдан тұрады? (2) 
3. Энергетикалық алмасу дегеніміз не? (органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінетін реакциялар жиынтығы )
4. Энергияны өлшеу бірлігі (джоль)
5. Энергетикалық алмасу неше кезеңнен тұрады? (3)
6. Энергетикалық алмасудың кезеңдерін ата (дайындық, оттексіз, оттекті)
7. Дайындық кезеңіндегі энергия қайда жұмсалады (жылу түрінде бөлінеді)
8. Оттексіз кезең қайда жүреді (цитоплазмада)
9. Анаэробты дегеніміз не? (оттексіз)
9. Оттекті алмасу қайда жүреді (митохондрияда )
10.1 г. Май ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді? (39,1кДж)
11.Осы жиналған тағамдардың құрамында қандай зат бар?
ВИТАМИНДЕР /ДӘРУМЕНДЕР
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Витаминдер дегеніміз - ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы.
Витаминдердің ашылу тарихынан...
1880 жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады. 
Витамин жетіспесе - авитаминоз
Витамин шектен тыс көп болса -гипервитаминоз
А (ретинол) Эпителий ұлпаларының дамуын,қалыпты өсуін реттейді; ферменттер жұмысын күшейтеді; көру пигменті –родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді; өсу витамині деп атайды; 
Жетіспесе: тері құрғап жарылып, қасаң қабығы бұзылады, іңірде нашар көреді, ақшам соқыр ауруына шалдығады. Басыңызда қайызғақ пайда болады, тамағыңыздың сілемейлі қабықшасы жиі-жиі қабынады; 
Кездеседі: Бауырда, сарымайда,балық майында көп.Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротин бар сәбіз,қызан, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш,өрікте көп. 
Тәуліктік мөлшері 2,5-10,5мг.
Д (кальциферол) Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді; бұлшықет тонусын күшейтеді; ферменттер жұмысына әсер етеді; ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады; күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі;
Жетіспесе:Фосфор–кальцийлік алмасу бұзылады; бойдың өсуі баяулайды; сүйек беріктігінен айырылады; аяқ сүйектері қисаяды; бас, қарын үлкен болады.
Кедеседі: Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т.б. кездеседі.
Тәуліктік мөлшері 2,5 мг;
К (филлохинон) 1935 жылы дат биохимигі Хенрик Дам анықтады, қан ұюына,ішекте органикалық заттардың сіңірілуіне қатысады;
Жетіспесе: қан ұюы баяулайды.
Кедеседі: Салат жапырағында, бауырда көп кездеседі; К витамині жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі ішек қабырғасында жеткілікті мөлшерде түзіледі.
Тәулігіне: 0,2-0,3мг.
Е (токоферол) ағзаның зат алмасуына және көбеюіне әсер етеді.
Жетіспесе: әйелдерде бедеулікке, бұлшықеттер қатаяды.
Кедеседі: көкөністерде, астық тұқымдастарында, өсімдік майында, жұмыртқада
Тәулігіне: 10-20мг.
С (аскорбин қышқылы) Тотығу-тотықсыздану реакция айналымына қатысады; көптеген ферменттер құрамына кіреді; ақуыз синтезіне қатысады; антиденелердің қалыптасуын жүзеге асырады; дентин, шеміршектің қалыптасуына қатысады, ішекке темір элементінің сіңірілу процесін күшейтеді; бүйрек үсті бездерінде норадреналиннің түзілуін жүзеге асырады;
Жетіспесе: Қызылиек қанталайды, қан кетеді; бұлшықеттер ауырады; қылтамырлар үзіледі; буын ауырады; тістер босап түседі; ағзаның ауруларға қарсы тұруы төмендейді, тез шаршау; 
Кездеседі: Итмұрын, қара жидек, бүлдірген,апельсин, лимон, пияз, сарымсақ, қырыққабат, алма т.б. 
Тәулігіне 50-100 мг қажет.
В тобы витаминдері
В тобы витаминдерінің 15 жуық түрлері бар; Зат алмасуда маңызды қызмет аткаратын ацетилхолин құрамына кіреді. Астық, бұршақ тұқымдастарда, қызылшада, бауырда, жұмыртқа сарыуызында, ашытқыда кездеседі. 
Витамин В1 (Тиамин) Көмірсулар алмасуына қатысады; жүрек, бұлшықет, жүйке жүйесі мүшелерінің қызметін реттейді; 
Жетіспесе: В1 витамині жетіспеуінен “Бери- бери” (полиневрит), сал ауруы пайда болды.
Кездеседі: тазартылмаған астық тұқымынының дәндерінде, бұршақ тұқымдастарында, жұмыртқа сарыуызында кездеседі; 
Тәулігіне: 2,3мг.
Кептердегі В1 авитаминозы 
Витамин В 2 (Рибофлавин) ХІХ ғасырдың 30 жылдары алғаш анықталды; зат алмасуға, көзге, қан жасалу мүшелеріне әсер етеді.
Жетіспесе: Көздің мөлдір қабықшасы қабынады, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы қабынады, көзден жас ағады. 
Кездеседі: Етте, сүтте, бауырда, жұмыртқада,астық дәндерінде кездеседі;
Тәулігіне: 3-4 мг.
Витамин В6 (Пиридоксин) Ақуыз алмасуына қатысады; қантамырлар қабырғасында холестериннің жинақталуына кедергі жасайды;
Жетіспесе: атеросклероздың дамуы; бауырдың семіруі;көкбауырдың бұзылуы; қалқанша безі қызметінің нашарлауы байқалады. 
Кездеседі: Арпа, бауыр, бидай ұнтақтарында кездеседі.
Тәулігіне: 2,3мг.
Тышқандардағы авитаминозы 
Витамин В12(цианкобаламин) Қан жасушалары-эритроциттер, тромбоциттердің түзілуін жүзеге асырады;
Жетіспесе: қаназдық, көп жетіспесе адам өліп кетуі мүмкін.
Кездеседі: бауырда, бүйректе,балықта, жұмыртқада, кездеседі.
Тәулігіне: 2-3мг.
Доңыздағы қаназдық ауруы
Витамин РР (никотин қышқылы) ХХ ғасырдың 20 жылдары ғана қасиеті зертеле бастады;тотығу реакцияларындағы катализатор-ферментердің құрамына енеді; май қышқылдарының синтезіне қатысады; аминқышқылдары айналымына қатысады;
Жетіспесе: көңіл күйі өзгереді, теріде күлдіреген көпіршіктер пайда болады. Адам пелагра ауруына шалдығады.
Кездеседі: бауырда, етте, жұмыртқада,қара нан, жер жаңғағынде көп кездеседі. Тәулігіне 15-25мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет