___________________________________________________________ Б. Блумның таным деңгейлерінің таксаномиясы
Мектеп географиясын оқыту барысында теориялық білімді терең меңгертіп, оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділіктерін арттыратын оқыту технологиясының бірі Блумның таным деңгейлерінің таксаномиясы.
Оқыту технологиясының атауы педагогикалық мақсатты айқындайтын таным деңгейлерінің алғашқы сызбаларының авторларының бірі американ ғалымы Бенджамин Блумның есімімен аталған. Ол 1956 жылы таным деңгейлерінің «Таксономияның» бірінші бөлімін, одан кейінгі он жылдықтарда Д. Кратвол тағыда басқа ғалымдар екінші бөлігін (аффективті аймағын) басып шығарды. Бірінші бөлімі танымның мақсатының (когнитивті) аймағын сипаттайды.
Ғылыми әдебиеттерде «таксономия» (гректің. taxis ретімен орналастыру + homos заң) шындықтың күрделі нысандарын (тірі табиғатты, Жердің құрылысын, халықтың этникалық құрамын, тілді және т.б.) жіктеу және жүйелеу теориясы туралы ғылым ретінде сипатталады.
Блум таксаномиясы когнитивті (танымдық), аффективті, психомоторлы аймақтардан тұрады.
1. Когнитивті (танымдық) аймақ. Оған оқу материалдарын есте сақтаудан бастап бұрын алған білімді ой елегінен өткізіп жаңғыртуды, ойларды, үлгілерді, іс әрекеттер тәсілдерін алдын ала оқып үйрену негізінде оларды жаңа жағдайда қайта құрып өзекті мәселені шешкенге дейінгі танымның мақсаты кіреді.Таным саласына бағдарламалар мен оқулықтарда, мұғалімдердің күнделікті іс-тәжірибесінде ұсынылатын оқытудың көптеген мақсаттары жатады.
2. Аффективті (эмоционалық-құндылықтық) аймақ. Оған қарапайым түйсінуден, қызығудан бастап құндылық қатынастар мен бағдарды меңгеруге және олардың белсенді көрнсіне дейінгі қоршаған орта құбылыстарына эмоциялық-тұлғалық қатыстарды қалыптастыруды көздейтін мақсаттар жатады. Бұл салаға бейімділік, қызығушылық пен қарым-қатынасты қалыптастыру, оны сезіну мен іс-әрекеттегі көрінісітері, қандайда бір сезімдердің қозғалысы сыяқты мақсаттар кіреді.
3. Психомотлық аймақ. Оған қозғалыстың (моторлық), қандайда бір
түрлері мен манипулятивтік әрекеткті қалыптастыруға, жүйке-бұлшық етті үйлестіруге қатысты мақсаттар енеді. Олар жазу, сөйлеу дағдылары, дене
тәрбиесі мен еңбеке баулу ұсынатын мақсаттар.