«Қазіргі заманғы сабақ» ұғымының тұрақты даму себептері
Қазіргі заманғы сабақ – нақты мұғалім өзі үшін ыңғайлы, өзі үшін қолайлы, жұмыс істеуді жөн көретін парадигмаға сай мазмұндық нысандарды таңдайды.
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талаптар :
Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын, яғни оның танымдық, жасампаздық қабілеттерін ашатын;
Білім алушыны өмір сүруге бағыттайтын;
Қоғам талап етіп отырған білім сапасын көтеруге бағытталған т.б. болуы тиіс.
Қазіргі заманғы сабақтың 3 негізгі белгілерін айрықшалауға болады:
Сабақ шындықты ашу, іздену және мұғалім мен баланың бірлескен жұмысында ұғыну, түсіну;
Сабақ – бала өмірінің бөлігі, бұл өмірде жоғары жалпы адам мәдениетте өмір сүру;
Адам шындықты түсіну субъектісі ретінде , сабақтың ең жоғары құндылығы, бірақ құралы емес.
Осындай сабақтарда әр баланың рухани дамуы, қаржы қатынасы, ой еңбегінің даму мүмкіндігі, жоғары мәдениеттің үлгілері қалыптасады. Қазіргі сабақ жүйелі, жалпы, білімді және іс-әрекет әдістерін талап етеді. Енді оқытуға емес, оқуға салмақ көп түсірілуі тиіс және оқушы белсенділігі назарда болуы тиіс. Қазіргі заманғы сабақ – оқытушының шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Онда мұғалім мыналарды өзгерте алады:
Әр сабақтың кезеңіне бөлінетін уақытты оқытушы өзі өзгерте алады;
Сабақ кезеңінің мазмұны;
Оқытуды ұйымдастыру формасын.
Достарыңызбен бөлісу: |