Ортасы
|
Тапсырма1. Топтық жұмыс .«Ойлан- топтас- бөліс» әдісі - идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі,тапсырма карточка арқылы орындалады.
1топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (секіртпелер,конустар, обручтар, төсеніштер, гимнастикалық орындықтар) көмегімен эстафеталық ойындар құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар.
Карточка 1.
Дескриптор: оқушы
спорттық құралдарды тиімді және қауіпсіз пайдаланады;
топпен бірігіп жұмыс жасайды;
қабілеттерін ойында көрсетеді;
бір-бірінің жұмыстарына әділ баға береді.
2топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (жеңіл атлетика барьерлері, фитбол доптары,тығыздалған доптар, конустар) көмегімен кедергілерден жүгіріп өту ойынын құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар .
Карточка 2.
Дескриптор: оқушы
Тапсырманы сұрақ арқылы қорытындылау немесе пікір алмасу:
Тапсырма орындауда спорттық құралдардың тигізер пайдасы неде?
Топтық жұмысты орындау кезіндегі ең күрделі жаттығуды атаңыздар, неліктен күрделі деп ойлайсыздар?
Тапсырма2. «Ойында көрін» әдісімен жұптық ойын. Фитбол добымен суреттегідей екі оқушы арқамен бірін-бірі итере жүріп допты түсірмей сызықтан шығаруға тырысады. Сызықтан шыққан оқушы жеңіледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |