Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты



бет13/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а

2. Үй тапсырмасын тексеру
электронды оқулықпен жұмыс
- мәтіннің мазмұнын сұрау;
1.Жыртқыш
2.Түйенің сүті
3..Шөлге төзімді жануар
4.Малға су беретін астау қалай аталадs
5. Үй жануарларының жатын орны
-Тамаша, балалар, жаңа келе жатып, мен бір сиқырлы сандықша тауып алдым. Сандықта не бар деп ойласыңдар?
(мен тыңдаймын )
-Ия, қандай дауыстар естіп тұрсыңдар?
-Құстардың дауыстары, үй құстарының дауыстары....
Қандай құстар екенін жұмбақтарды шешу арқылы тауып алайық.
Мұқият тыңдайық
Дүниеде бір молда,
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап
Қайтіп кеп жер шоқиды. (әтеш)
Қыт-қыт етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді. (тауық)
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
Суға түссе балықтай,
Жүзе берер жалықпай. (үйрек)
Балалар, сандықтан босатып алғандырыңыз үшін құстар сіздерге рахмет айтып жатыр.Енді бізге «Айнытпай сал» ойынын ұсынып тұр. Ойнаймыз ба?
Ол үшін маған ортаға ең жақсы оқи аламын деген оқушылар шықсын.
1.Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Айқайлауға келгенде
Алдына жан салмайды.
-ку-ка-ре-ку, -ку-ка-ре-ку
2.Қазым, қазым, қаңқылда,
Суда жүріп саңқылда.
Арпа, бидай шашайын,
Тойып алып қаңқылда.
-қаңқ, қаңқ
-Жарайсыңдар, балалар! Тауық, қаз, үйрек, - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды.Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес.
-Ал, адамдарға қандай пайдасы бар?
(слайд «Құстардың пайдасы»)
Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығынан жастық, көрпе, күртеше жасайды.
Жұмыртқа несімен пайдалы?
Жұмыртқалардың құрамында жадының жақсаруына әсер ететін және жүйке жүйесінің ауруларының алдын алатын полиқанықпаған май қышқылдары бар, көздің көру қабілетін жақсартатын лютеин бар. Ол қан тамырларының қабырғаларына шөгінділердің шөгуінің алдын алатын лецитинмен ағзаны қоректендіреді. Әртүрлі тағамдардың құрамындағыларды қоса алғанда, аптасына бес жұмыртқадан астам жемеген жөн. Ағуыздың өзін едәуір көп жеуге болады.
Ал, еті ше? Балалар, тауық, құс сорпасы өте жеңіл екен. Ол ағзаны қартайтпайды екен.
Сергіту сәті
Кел, тынығып алайық,
Құс боп қанат қағайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық. (құстар биін билейді)
-Балалар, біз біле бермейтін, көп үйлерде кездесе бермейтін тағы бір үй құсы бар екен. Ол- басында айдары, үстінде күжірейген тоны бар күркетауық.
Күркетауық- үй құсы. Ол басқа үй құстарына қарағанда үлкен. Ол шамамен 9-11 кг болады екен. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды. Жем талғамайды және жаз мезгілінде көбіне жайылымда болады. 
Ал, балалар, біз құстар туралы көп нәрсе білдік деп ойлаймын.
1-топ: Суреттен үй құсын тауып бояу
2-топ: Тауықтың шөжесін шикі сөкпен безендіру
3-топ: Ермексаздан әтеш бейнесін мүсіндеу-Тамаша! (балалардың жұмыстарын салыстыру)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет