«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Үй тапсырмасын сұрау: «Сұхбат» әдісі арқылы сұралады.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
«Бокс» деген сөзді естігенде ойыңа қандай ұғымдар келеді?
Бұл спорт түрінің ерекшелігі неде?
Әлемдік, қазақстандық спортшылар туралы не білесің?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
ҚБ: белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
№1 тапсырма.Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Бейнероликте кімдер туралы?
Қазақ боксшылары туралы қандай ақпарат айтылды?