Нармантай Динара 4 «в» сыныбы Шығарма Мен тәуелсіз елдің ұланымын Мен тәуелсіз Қазақстанда туылдым. Тәуелсіз Қазақстанның ана тілі – қазақ тілі. Қазақстан деген 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды және еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев әлі күнге дейін елімізді көркейтіп келеді. Еліміздің астанасы – Астана. Еліміздің өз елтаңбасы, өз әнұраны, өз туы бар. Қазақстанның монументі Бәйтерек. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Бұл 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп.
Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақ іргесін біз секілді туған елімнің жас ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмас.