Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі



бет55/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі



Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дайындық кезең

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау.

Оқушы өз білімінің деңгейін анықтайды.



Диагностикалық кезең



- Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау.
- Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау.
- Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.

- Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқыту деңгейі анықталады.
- Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды топтарға бөлу кезеңі



- Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру.
- Әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау.
- Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау.
- Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

- Белгілі топты оқушының өзінің таңдауы.


- Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.
- Оқушының таңдауы қатаң ескеріледі.

Деңгейлеп оқытудың жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдаған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы.

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылатын жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау. (Кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы).

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.


Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:


1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды.
2. Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей - мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеру тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшілігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшілігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімі мен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлуі керек.
Деңгейлеп оқытуға қойылатын шектеулер:
- Мектептің деңгейлеп оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндігі (оқу кабинеттерінің, оқушылар топтарында бір пән бойынша параллель жұмыс жүргізетін мұғалімдердің жеткілікті болуы).
- Әрбір топтар үшін талаптардың нақты болуы.
- Мұғалімнің бір деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізуі барысында топтың даму динамикасын меңгеруі.
Н.П. Гузик өз жүйесімен деңгейлеп оқытудың айрықша 2 түрін: деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту және дамытушы сабақтар циклі бар «қиыстырылған оқыту жүйесін» ұсынады.
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші - тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші - қиыстырылған семинар сабақтарда, оқушылардың өзіндік жұмысы барысында оқу материалының тереңдей талдануы. (Әрбір тақырып бойышна мұндай сабақтар бірнеше рет 3-5-ке дейін өткізіледі.)
Үшінші - қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сыныптар деп аталады).
Төртінші - материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (олар тақырыпты, тапсырмаларды қорғау сабақтары деп аталады.)
Бесінші - тәжірибелік сабақтар.
Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады.
Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типтегі «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады. Деңгейлеу бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі аспектіні, екі тұсты қарастырады.
а) белгілі деңгейдегі білім, білік дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді. (репродуктивті деңгейден шығармашылық деңгейге дейін);
ә) балалардың белгілі деңгейде өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалды. (мұғалім тарапынан көрсетілген тұрақты көмек үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).
«А», «В», «С» бағдарламаларының арасында қатаң сабақтастық бар. Олардың баяндау логикасында үздіксіздікті, жартылай болса да негізгі ұғымының бүтін суретін көрсететін әр тақырыптың міндетті минимумы беріледі.
«С» бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып, оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу білігін, есте сақтау тәсілдерін білуді т.с.с. талап етеді. Сондықтан «С» бағдарламасының мазмұнын қалай оқыту керек, неге назар аудару керек, бұдан кейінгі қандай қорытынды жасау керектігі туралы нұсқаулар енгізіледі.
Күрделенген тапсырмаларды бұл бағдарламадан кейінгі бағдарлама десе де болады. Орындауға кіріспестен бұрын «С» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті.
«В» бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Сондықтан бұл бағдарламаға нақты тапсырмалармен қатар бірінші деңгейдегі - материалдарды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын, ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша - мәліметтер кіргізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең көрсетеді.
«А» бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданатын деңгейге көтереді.
Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді.
Оқушыға мектепте алған білім негізінде шешуге болатын мәселе түйініне жетуде материал мен оның логикалық негізін тереңдете түсетін дамытушылық мәліметтер беріп, оны шығармашылықпен қолану перспективасын ашады.
Сондай-ақ бұл деңгей балаға өзін қосымша жұмыста көрсетуге де мүмкіндік береді.
Материалды қайталауға әр деңгейдегі тапсырмаларды еркін талдау әдістемесі кеңінен қолданылады.
Өзіндік жұмыс, есептер шығару, зертханалық және сарамандық жұмыс тапсырмалары үшін дайындалатын дидактикалық материалдардың деңгейлік нұсқасын бөлуге болады.
Бірінші (С) нұсқасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес.
Екінші (В) нұсқасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.
Үшініші (А) нұсқасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.
Жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйенсек, сабақта 4 деңгейлі (көпдеңгейлі) тапсырмалар берген ұтымды. Бұл жағдайда деңгейлік тапсырмаларды құрастыруға төмендегідей талаптар қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет