Бірінші деңгейдегі тапсырмалар: 1) оңай қабылдауға лайықты болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейдегі тапсырмалар: 1) Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады. Мысалы, география пәнінде мұндай іс-әрекетке жататын тапсырмалар: мәтінмен жұмыс, сарамандық жұмыс, картамен жұмыс, т.с.с.
2) Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және меңгерушілік маңызы қажет болады. Олар: ребустар мен сөзжұмбақтар, кескін картамен жұмыс.