Сынып жетекші Нартаева А. А сынып сағатының түрі



бет5/17
Дата20.11.2023
өлшемі76,17 Kb.
#192429
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-тоқсан Тәрбие қмжлары толық (1)

Сабақты қорытындылау.
Кинофильмнен үзінді

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Рефлексия

«Қожаға хат» жазу.
Қожаның қанатты сөздерін жалғастыру
Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін.
«Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық.
Оқулығы сай бала – көңілі жай бала

27.09.2021.



Сынып 4«В»

Сынып жетекші:Баймаханова Г.Н

сынып сағатының түрі
баяндау

Тақырыбы

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Күні

01.09.2021ж

Жалпы мәліметтер

Оқушылардың бойында отан сүйгіштік сезім ұялату, ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру

Негізгі мақсаттар

Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Күтілетін нәтижелер

Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсіндіру., патриоттық, отаншылдық сезімін ояту,елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Түйінді идеялар

Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру

Сынып сағатының негізгі кезеңдері

Сынып сағатындағы жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру

Туған жердің қорғайтын әрбір талын,
Әнұранмен қарсы алған әрбір таңын.
Құрметтейтін тіпті оның көбелегін,
Біз боламыз, о, Отан жас қыраның!

Ой қозғау


Меңгеру


- Сәлеметсіздер ме, балалар.Жаңа оқу жылы құтты болсын!Бүгінгі тәрбие
сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.
"Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!" деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен сабағымды бастағым келіп отыр.
Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.
«Бейнебаян»көрсету
"Тәуелсіздік жетістіктері"
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Халықаралық қатынастарда қалыптасқан қағидалар бойынша өзге елге кіріптар болып отырған елмен ешкім төте байланыстар жасамайды. Тікелей келіссөздер жүргізіп, халықаралық шарттар жасау тек бірін - бірі өзгеден тәуелсіз, өзін - өзі басқаратын, еркін мемлекеттер деп танылған елдер ғана арасында жүреді. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып Түркия мемлекеті таныды.
Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: Оқиғалар жылнамасы
«Баспалдақ»әдісі жылдарға саяхат
1991 - 2021 жылдар аралығында елімізде болған маңызды оқиғаларға шолу
1991 жылы 16 желтоқаснда - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Заңы қабылданып, мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1993 жылы, 13 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
«Семантиклық карта» толтырады
1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996-жылы 9 желтоқсанда Президент жарлығымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбекке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша, ерекшелік белгісімен "Алтын жұлдыз" тапсырылды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1997 жылы "Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы" болып белдгіленді
1998 жыл "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы" болды.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды
1999 жыл "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы" болып белгіленді.
2000 жыл "Мәдениетті қолдау жылы" болды.
2002 жыл "Денсаулық жылы" деп белгіленді.
2003-2004 жыл "Ауыл жылы" болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6 қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған "Менің Қазақстаным" атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Сайлаудың кезекті тыс өтуіне себеп болған ҚР Парламентінің референдум ұйымдастырып, сол арқылы Президенттік уақытты одан әрі ұзарту туралы ұсынысы. Президент Н.Назарбаев бұл ұсыныстан бас тартпады, сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.
Сол жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды және Парламенттің төменгі палатасы таратылып, келесі жылы 15 қаңтарда, кезектен тыс Парламент сайлауы өтетіндігі белгілі болды.
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.
2013 жыл "Әділет" және "Руханият" партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты "Бірлік" болып аталды.
2014 жыл Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев "Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады" – деп атап өтті.
2015 жыл - Қазақ тарихының жылнамасында ерекше есте қалады Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен "Конституциямыздың 20 жылдығы", "Қазақ хандығының 550" және "Жеңістің 70 жылдығы" мемлекеттік деңгейде атап өтілді.
Тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі,
сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.
Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.
Қазақ поэзиясының алыбы ұлы Абайдың 170 жылдығы ел көлемінде тойлануы да осы тәуелсіздік жемісі.
2015жыл 30 қарашада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады.
2016 жыл:
« Сұрақ жауап» әдісі

  • Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

  • Қостанай қаласына 80 жыл толды.

  • Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

  • Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

  • Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды.
2019 жылы Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды.19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлу өтіп, 70пайыздан астам дауыс жинаған Қасым –Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
2020 жылы А.Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланды.
2021 жылы ҚР Тәелсіздігіне 30 жыл, Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл, Ә.Бөкейханның туғанына 155 жыл, қоғам қайреткері Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл, М.Мақатаев туғанына 90 жыл, Ж.Жабаев 175 жыл. А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл.
2021 жылы Токио олимпиадасынан 8 қола иемденді.Дзюдо бойынша Елдос Сметов, ауыратлетика бойынша Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло,боксшы Қамшыбек Кункабаев пен Сакен Бибосынов, күрес бойынша Нурислам Санаев және каратэ бойынша Дархан Асадилов және Софья Берульцева .

  • Мектеп бойынша 2016 жылы Абдолла Қарсақбаев орта мектебі жаңа мектепке көшті.Мектеп директоры Тлепбергенов С.А

Білімдіден шыққан сөз-
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз, - деп Абай атамыз жырлағандай талапты, көкірегі ояу, білімді де еңбекқор ұрпақ болу біздің міндетіміз!
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
"Тәуелсіздікке 30 жыл!"

Сергіту сәті



"Бес жолды өлең" әдісі арқылы "тәуелсіздік" тақырыбына өлең құрастыру.
Зат есім(1)...
Сын есім (2)...
Етістік (3) ...
Сезімді білдінетін сөз (4) ...
Синоним (1) ...

Кері байланыс

Сондықтан басты құндылығымыз –Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені азал. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Бүгінгі сынып сағатында нені меңгерді?балалар бір-бріне сұрақтар құрастырады.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

01.09.2021


Сынып 4«Г»

Сынып жетекші Нартаева А.А

сынып сағатының түрі
сұрақ-жауап

Тақырыбы

«Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагог,жазушы,этнограф,фолкьлоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына-180 жыл»

Күні

26.10.2021ж

Жалпы мәліметтер

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.

Негізгі мақсаттар

Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Елін жерін сүюге адамгершілік қабілеттерін дамыту

Түйінді идеялар

Сынып сағатындағы жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу;
2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;
3. Зейіндерін сабаққа аудару.

Ой қозғау
Меңгеру



Ой қозғау
Қоңырау үні естіледі.
Балалар бұл ненің даусы?
Қоңырау.
Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?
Ол Ыбырай Алтынсарин
Ендешебалалар бүгінгі тәрбие сағатымызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз. 
(слайд көрсету)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет