ІV. Ыбырайдың ағартушылығы туралы ұғым. (слайд 3) 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап,
халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»
балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды.
Музыка күй
V. Топпен жұмыс. Ақын еңбектерінен «Кітапша жасау»
Өлеңдерде ұйқас болады, шумақ түрінде жазылады. Әңгімелер көбінесе оқиға желісіне байланысты болады, ұйқас болмайды.
1-нұсқа оқушыларға алдын – ала ізденіс жұмысы беріледі: Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптарын тауып жазып келу.
2-нұсқа Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптары слайдта тізімі дайын түрде беріледі.
Жұмыс 2-нұсқа бойынша жүргізіледі.
1 – топ: «Өлеңдерімен» таныстырады, реттейді.
2-топ: Берілген материалдардан аудармаларын жинақтайды.
3- топ: «Әңгімелер жинағы» Жасаған кітапшаларының мазмұнымен таныстырады.
Суреттерін көрсетіп отырып, иллюстрация қай кітапшаға жататынын анықтаймыз. ( қарға мен түлкі, өзен, жаз, Қобыланды батыр, өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, жаман жолдас, бір уыс мақта,