Сұраныс және ұсыныс негіздері


-тақырып. Жалпы тепе – теңдік



бет68/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
12-тақырып. Жалпы тепе – теңдік.
Дәріс жоспары:

1. Жалпы тепе – теңдікті талдау.

2. Айырбас тиімділігі.
1. Осыған дейінгі тақырыптарда тұтынушы іс - әрекеттері мен фирма қызметі, тұтыну тауарлары нарығы мен өндіріс факторлары нарығы қарастырылды. Жеке нарықта қалыптасатын теңдестік жеке тепе – теңдік деп аталады. Алайда нарықты өмірде нарықтар бір – бірімен өзара байланысты, бір нарықтағы баға екінші бір нарықтардағы бағаға әсер етеді. Егер бір нарықтағы сұраныс немесе ұсыныс өзгерісі басқа нарықтардағы теңдестік баға мен өндіріс көлемдеріне ықпал етіп, жаңа теңдестікті қалыптастыратын болса, бұл жалпы тепе – теңдік деп аталады.

Жалпы тепе – теңдік кезінде бір нарықтағы өзгеріс басқа нарықтарға әсерін тигізеді. Бұл, әсіресе, тауарлардың өзара толықтырылуымен және өзара ауыстырылыуымен байланысты. Жалпы тепе – теңдікті талдау келесідей төрт сатыны қамтуы тиіс.

- бір нарықтағы бастапқы өзгеріс;

- өзара ауыстырушы нарықтардағы өзгеріс;

- өзара толықтырушы нарықтардағы өзгеріс;

- кері байланыс әсері.

Жалпы тепе – теңдікті түсіну үшін мынадай мысалды қарастырайық. Жаңа автамобильдің бағасы қымбаттады делік. Бұл автамобильге деген сұраныстың және бензинге деген сұраныстың азаюна әкеледі. Тұтынушылар жаңа автамобильдің бағасы қымбаттағандықтан оны басқа тауарлармен алмастыруға тырысады. Сөйтіп мотоцикл немесе ескі автокөлік нарықтарында сұраныс артады. Ескі көлікке деген сұраныстың артуы қосалқы автокөлік бөлшектеріне және жөндеу қызыметіне деген сұраныстың көбеюіне әкеледі. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін сұранысты ынталандыру мақсатында жаңа автокөліктің сатушылары өнімдерінің бағасын түсіре бастайды. Сөйтіп бір нарықтағы жағдайдың өзгеруі бірнеше нарықтың өзгеруіне және сол нарықта жаңа тепе – теңдіктің қалыпасуына әкелді.

Бір нарықтағы өзгерістің өзара байланысты басқа нарықтарға әсер ету арқылы бастапқы нарықта жаңа теңдестікті қалыптастыру әрекеті кері байланыс әсері деп аталады.

Жалпы тепе – теңдікті (экономикалық тепе – теңдікті) швейцар экономисті Леон Вальрас теңдіктер жүйесінің көмегімен түсіндірді. Нарықтық экономикада баға өндірілетін өнім көлемін анықтайды, ал өндіріс көлемі бағаны анықтайды. Ресурстар бағасы тұтыну тауарларының бағаларынан тәуелді, яғни экономикадағы өзара тәуелділік шеңбер тәрізді. Бұл шеңберден шығу үшін Л.Вальрас теңдіктер жүйесін бір мезгілде шешуді ұсынады. Мысалы нарықта 10 000 түрлі тауар сатылады және елдегі нақты активтер көлемі (В) мен қолма қол ақшалар қоры (М) белгілі делік. Компьютер осы тауарлардың арасында 10 – шы позицияда тұрса, оған деген сұраныс келесідей түрде болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет