Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет121/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   565
Байланысты:
2

Keywords:
cognitive, philosophy, cognition, thought, logic, concept, reason, language, representation, 
paradigm, vocabulary, term, opinion, form, linguistics, culture, etc. 
Тіл білімнің философиямен байланысы ерте заманнан басталады. Тіл мәселесімен көбіне философтар 
айналысты. Мысалы Л. Витгенштейн сөзді ойнатты. Ежелгі гректерді тіл мен ойлау қатты қызықтырды. 
Тіл білімі өз алдына дербес ғылым болып қалыптасқанымен түбегейлі философиядан қол үзіп кеткен жоқ 
және үзбейді де. Қазіргі кездегі тіл білімінің философиясының тіл философиясы дейтін тарауымен байла-
нысады. Бұл екеуіне ортақ нысан болатын мәселе – тіл мен ойлаудың, мағына мен форманың байланысы. 
Олай болатын себебі ойлау мен оның заңдары – философияның негізгі проблемаларының бірі болып 
табылады [1, 3 б]. Әл-Фарабиді де тіл мен ойлау мәселесі қатты толғандырғанын еңбектерінен білеміз. Тіл 
– 
ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным-шындық дүниенің бейнесі. Адам баласының таным түсінігі 
толысқан сайын санада қалыптасқан ұғымды таныту деңгейі де кеңейе түсетіні белгілі. Тілді когнитивтік 
бағытта зерттеуші ғалымдардың пікірлері «тіл мен таным арақатынасы адамға қатысты мәселені 
шешумен түйінделеді» - деген [2]. 
Біз қозғайын деп отырған өте күрделі мәселе ол – философия және когнитивтік лингвистиканың яғни 
жоғарыда айтылған танымдық байланысы. Алдымен оларға түсінік берейік., философия дүниеге адамзат 
өркениеті қалыптасып жатқан шақта келген-ді. Бір қарағанда, филолософия жөнінде әр адамның өз түсінігі 


70 
бар сияқты. Өйткені адам – жануар емес, оның ішкі түйсіктері сөніп, тарихи даму барысында олардың 
орнына ақыл-ой, зерде келіп, тұлғаның дүниені пәлсапалауына, яғни толғауына мүмкіндік береді. Екінші 
жағынан алып қарасақ, философияны оқымай-ақ «әр адам өзінше философ», өйткені оның санасы бар, ол 
өмір жөнінде ойланып, толғана алады. Мұндай көзқарас ғасырлар бойы сақталып келеді. Уақытында 
Г.Гегель адамның миымен қатар, аяқкиімнің өлшемі ретінде аяқтарының да бар екенін мысқылдап айтқан 
болатын. Бірақ етікшіден басқа адам: «Мен етікшімін», – деп айта алмайды. Ол үшін бұл мамандықты 
игеру, терінің, басқа керек материалдардың қасиеттерін білу, дизайнерлік талант қажет – деген еді [3, 5 б.]. 
Ендігі кезекте., когнитивтік лингвистикаға келетін болсақ, басқа ғылымдар сияқты кең 
зерттелмегендіктен, тарихына шолу жасауды жөн көрдік. Когнитивтік лингвистика ХХ ғасырдың аяғында 
тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика 
антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм базасында пайда болды. «Когнитивті грамматика» 
термині 1975 ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивтік грамматиканы ұсынамыз» атты 
мақаласында қолданылған. 1987 жылы Р.Лангакердің алғаш «Когнитивті грамматика негіздері» атты 
еңбегінің І томы жарыққа шықты. ХХ ғ. 90 жылдардың басында шетелдік когнитивтік лингвистика жеке 
дара зерттеу бағдарламалары, сәл ғана байланысы бар немесе мүлдем байланысы жоқ салалардың 
қатынас бірліктерін зерттеуге бейімделе бастады. Бұл зерттеу бағдарламалары бойынша Дж.Лаккоф, 
Р.Лангакер, Т.Ван-Дейк, Дж.Хейман т.б. үлкен жұмыс жасады. 1990 жылдың орта шенінде Еуропада 
алғаш рет когнитивті лингвистика оқулықтары шыға бастады. Ф.Унгерер мен Х.И. Шмидтің «Когнитивті 
грамматикаға кіріспе», (1996 ж.), Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздері» (1997 ж.) т.б. [4].
Когнитивтік ғылым пәнінің негізгі мақсаты – адам санасы мен оның технологиялық ойлауы болып 
табылатыны белгілі. Бұл пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның 
жүйелі түрде ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналғандығынан болса 
керек. Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат 
білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны-
на сондай-ақ концептілер жатады. Олар концептілік жүйе құрап, өзіндік белгілерімен ерекшеленетін 
концептуалды кеңістікті құрайды. Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен 
қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекеттердің 
жүзеге асуын қарастырады. Тілдік таңба арқылы кодқа салынған ақпаратты ашып немесе ақпараттарды 
кодқа салу тәрізді әрекеттер когнитивтік лингвистиканың құзырына жатады. Когнитивизм – адам ақыл 
ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады. 
Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивтік төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі 
лингвист Н.Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл-ой мен мидың жағдайын, олардың адамның когнитивті 
болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатындығын зерттейді» (Хомский, 
1999) - 
деп жазды [5, 5 б.]. Осы орайда, әл-Фараби мен Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы 
когнитивтік лингвистиканы талдаған едік. Сондықтан да осы – тақырыпқа кездейсоқ келмегінімізді 
білдіріп отырған жайымыз бар. Әл-Фарабидің ойымен үндестік тауып жатқан және оқыған М-Ж. Көпеев 
те өте ауыр дәуірде, аса бір қиын саяси-әлеуметтік күштердің арасындағы идеологиялық қайшылықтар-
дың шиеленіскен және қақтығысқан тұсында өмір сүрді. Зерттеушілер бұл – кезеңнің өз қиыншылықтары 
барын өте жақсы біледі. Және көне дәуірдің тілдік қабаттарын, тілдің қарым-қатынас құралы (араб, 
парсы, монғол, орыс т.б.) шығармаларында қолданғаны, түркі-қазақ тілінің этнографиясын, этолингвис-
тикасын барынша саралағанын еңбектерінен анық байқауға болады [6, 3 б.]. Философия ғылымдардың 
атасы болып саналатын, философия тарихын зерттеген Сократ, Платон, Аристотель, әл-Фараби еңбек-
терінде де тілдің таным құралы бола алатындығы жөніндегі пікірлерді кездестіруге болады. Мәселен, 
ғұлама ойшыл Платон «Кратиль» атты философиялық еңбегінде: «белгілі бір затқа танылған атаулардың 
көмегімен қоршаған ортаны тану танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл жүйенің 
ең жоғарғы сатысы тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады» [7]. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу 
Насыр әл-Фарабидың таным туралы ілімінің негізгі көздеген нысанасы – ғылымның рөлін көтеру, фило-
софия мен діннің қызметін даралау, бөлу, ең бастысы өзі үлкен атсалысқан, қатысқан танудың ғылыми 
әдістерін (методтарын) (эксперименттік-теориялық әдіс, табиғат туралы білімдерді математика-ландыру) 
жасау және дамыту болып табылады [8, 20 б.]. Әл-Фараби трактаттарында: Дін негізінен адамзат ақылын 
жаулап алғанымен де, уақыт жағынан алғанда философиядан кейін пайда болған дүние - деген қағиданы 
оқыдық. Оның көзқарасы бойынша адамның шынайы рухани кемелдікке жетуі оның танымның 
теориялық және практикалық тұрғыдан тең меңгерілуіне байланысты. Ал бұл дегеніміз философия мен 
когнитивтік лингвитика яғни танымның байланыстығын, бір дәрежеде екі ойдың тоғысын көрсетсе керек. 
Мысалы: Әл-Фараби Аристотель философиясын үйрену үшін қажетті шарттар туралы 9 қағиданы 
айтады. Соның үшіншісінде – философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу – дейді [9, 28 б.]. 
Ғылым туралы Әл-Фараби және Мәшһүр-Жүсіптің айтқан пікірлеріне келетін болсақ, Әл-Фараби адам-


71 
ның мақсаты бақыт., адамның бақытқа қауышуы «белсенді сана» (фаал ақыл) яғни ғылымды меңгеріп, 
білімді болған кезде ғана болады. Әл-Фараби шығармаларында Бірінші [Тұлға] жөнінде Алла деп сену 
керек. Ол Екінші себептердің және әрекетшіл ақыл-парасаттың өмір сүруіне ең жақын себебі болып 
табылады - дейді. [10] «Барлық жан біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі». Олай болса біздің өмір 
сүруімізге себеп болған Әл-Фараби тілімен айтқанда «Бірінші Тұлғаны» қалайша танымауымыз керек. 
Адамның рухы Тәңірге ұмтылғанда ғана игілікке беттейді.«Игілікке ұмтылу – тек игілік үшін болғанда 
ғана ең ұлы бақыт болып саналады» [11]. Мәшһүр-Жүсіпке келетін болсақ: Құдайды да «бір» - деп, онан 
соң жаратқан (иаратқан) нәрсесін де «бір» - деп білуді ғылым: «Таухид» -дейді [12] «Не нәрсе парыз 
болса, ғылым – парыз, Ғылым білсең, өтелер қанша қарыз» - дейді [13]. Сол сияқты, ғылым, білім туралы 
жазғанында: Ғылым-білім немен болады? – деген сұраққа былайша жауап береді. Әуелі жаратушы Құдай 
тағаланы танумен болады. Бұған дәлел – бұл сөз әуелі: «Ғылым мағырапта жаббар. Ғылым-білімнің ең 
алды – Құдай тағаланы танымақ. Демек, бұл жерде Әл-Фараби мен Мәшһүр-Жүсіп ғылымның басы 
Құдай Тағаланы танумен болатынын еңбектеріннен оқып, көзіміз жетеді. Осы бір-екі мысалдың түсінігіне 
қарағанда философия мен когнитивтік лингвистика (таным) өз ара тығыз байланыстылығы байқалады. 
Өткен дәуірдің философтары да философияны қарастыра отырып, соның ішінде о кезде дүниені тану, 
қоршаған ортаны түсіну сияқты түсінген (когнитивтік лингвистиканы -біздің ұғымдағы термин-А.Қ.) 
сырт айналып өтпейді, яғни таным құралы ретінде сөз қозғайды. Неміс философы - В.Гумбольдт, «тілдің 
адам болмысы мен танымның барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса 
көрсеткен болатын», француз философы - О.Конт философия өз дамуында үш сатыдан өтетінін айтады. 
Олар – теологиялық, метафизикалық және позитивтік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы 
ғылым және таным әдістері жөніндегі пәнге айналмақ, қалған мәселелердің бары жеке ғылымдардың 
үлесіне кете бермек [14, 21 б.]. Философия көп мәселенің басын қайрығанмен, негізі екі мәселеге келіп 
тоқаталады. Бірінші – онтологиялық жағы: «Бұл дүние не?» - деген сұраққа жауап берсе, екінші – 
гносеологиялық , праксеологиялық, аксиологиялық жақтары: «Бұл дүниені қалайша танып-біліп, бағалап, 
өзгертуге болады?» - деген сұраққа жауап береді [14, 36 б.]. Қазақ ғалымдарының еңбектеріне сүйенсек, 
Б.И. Нұрдәулетованың «Когнитивтік лингвистика» деген кітабында «Философияда таным теориясымен 
айнылысатын гносеология бөлімі бар» -дейді. С. Мырзалының «Философия» - деген оқу құралында 
Эпистемология (Таным мәселелері) деген тарауында «Танымды» адамның айнала қоршаған ортаны 
зерттеудегі ерекше іс-әрекеті - дейді. Гносеология (дүниетаным) мәселелері тарауында тағы да танымды
қозғайды. «Таным мәселелеріне келгенде, біз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол 
әрқашанда сезімдік танымды ой елегінен өткізген білімнен айыру керек екендігін басым айтқан. Сезімдік 
таным әрқашанда бұлдыр, көмескі. Тек ақыл-ой ғана айқын білім береді - дейді [14, 170 б.]. 
Қ.Жұбановтың еңбектерінен алынған мысалдарды қарастырып көрелік: Имя собаки Бөрбасар от бөрі 
(волк) и басар – причастие будущего времени от бас «давить – давящая волков» - дейді [15]. Осы 
мысалдағы біздің көңілімізді аударған бөрі - түркі символы. Себебі., қазақ халқы қазіргі күнге дейін 
ержүрек, батыл жігіттерді «көк бөріге» теңеп, сүйсініп кеткенде ел ішінде әлі де «қасқырдай» - деген 
теңеуді қолданады. «Көк бөрі» көне түркінің байрағана түсті. Тасқа таңбаланды. Көркем шығармаларда 
да бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелеп, суреттейді. Ш. Айтматов, Джек Лондон, 
Әуезов т.б. Еліміз егемендігін алған соң «қыран бүркіт», «қар барысы» - жыраулардың сөзінен шығып, 
Қазақстан Республикасының төрінен орын алды, ұлттың нышанына айналды. Таным мен тіл мәселесі 
туралы академик Р. Сыздықованың мына ойынан сырт айналып кете алмадық. Зерттеулерінде сөз 
болатын маңызды мәселелер қатарында тілдің танымдық қызметі, қоғамдық, ұлттық, мәдени нормаларды 
сұрыптау ерекшелігі, адам мен қоршаған әлем байланысы, олардың тәжірибе мен білімге негізделген 
табиғаты туралы пікір-көзқарасты құрайды. Ғалым тілдің дамуы этникалық танымның, саяи сананың, 
әлеуметтік өсудің негізінде жүзеге асатынын атап көрсете отырып, тілдік «жаңғырудың» алғы шарты 
ретінде «халықтардың өзін-өзі тану санасының оянуы» - деп біледі [16].
Қортындылай келе, әрине, ежелгі дәуір философтардың еңбектерінде бүгінгі күнгі «когнитивті 
лингвистика» – термині тұрғысына сай мәнде кей жағдайда айтылмасада, философтардың шығарма-
ларында таным бейнесі өте ертеден қарастырғаны аталған еңбектерден, зерттеулерден көруге болады. 
Демек, когнитивті лингвистика да барлық философтарды ежелден толғандырған мәселе екендігі байқа-
лады. Тіл мен таным, таным мен ақыл көне замандардың өзінде-ақ философтардың басты зерттеу нысаны 
болған. Тіл–таным құралы, адам оның көмегімен әлемді, мәдениетті танып, біледі. Сондай-ақ тіл–
мәдениет құралы, ол адамды тұлға ретінде қалыптастырады, оның іс-әрекетін, өмір салтын
дүниетанымын, ұлттық мінезін, ділін, идеологиясын анықтайды [17]. Қазіргі заман философтарының 
кейбірі «танымды» – эпистемология, гносеология - деп қарастырып жүргенін айтып өтуге болады. 
«Философия» - деген еңбектерде «таным» мәселесі кейбір ретте жеке қаралады. Таным дегеніміз - өмір 
шындығын жай селқос аңғарып қана қою емес, оны қызу түрде, мақсатқа сай бейнелеу болып табылады. 


72 
Танымның субъектісі – адам, қоғам. Танымның объектісі - қоршаған орта екендігі зерттеушілге белгілі. 
Адам қызметінің, іс-әрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары, соны көрсететін философялық 
категориялар [18, 100 б.] Олай болса, философия мен когнитивті лексика дүниені тану, қоршаған ортаны 
тану жағынан бір арнаға келіп тоғысатынын байқауға болады. Одан кейін когнитивті лексика өзі айтып 
тұрғандай көбіне тілге қарай икемделетінін тілдің танымды суреттеп, талдайтынын байқауға болады. 
Бізді толғандырған күрделі мәселе жайындағы ойымыз қысқаша осындай. Осы – ойымызды сіздермен 
бөліскенді жөн көрдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет