Тақырыптық күнтізбе жоспары


-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет19/20
Дата12.09.2023
өлшемі52,08 Kb.
#180884
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ 10 омж ,, (1)

10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Тұлғалық нәтижелер:
1) ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра пайымдап, дәріптей білуінен;
2) қолданыстағы тілдерді білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне,
салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
3) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы өз көзқарасын шешендікпен
негіздей алуынан және жұртты сендіре білуінен;
4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;
6) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен көрініс табуы тиіс.
10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
1) тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдыларды меңгеруі;
2) тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы әдептілік нормаларын меңгеруі;
3) іскерлік қатынастағы тіл табысуға қажетті тілдік амалдарды орнымен жұмсай алуы;
4) жеке адам өміріне, мекеме, ұйым жұмысына қажетті ресми іс-қағаздар жүйесін меңгеруі;
5) шешендікке машықтанудың әдіс-тәсілдерін сөйлеу әрекеттерінде қолдануы;
6) шешендік өнердің канондарын күнделікті тәжірибеде қолдануы;
7) шешенге қойылатын талаптарды жүйелі әрекеттерде саналылықпен меңгеруі;
8) зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі;
9) түрлі тақырыптарда пікірталасқа түсу еркіндігін және жиі қолданылатын тәсілдерді меңгеруі;
10) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы мен міндеттерін түзе алуы;
11) қарым-қатынастың түрлеріне сай тілдік белгілерді орынды қолдана білуі;
12) сөйлеудің мақсатына сай тыныс белгілерді және интонацияны дұрыс пайдалана білуі;
13) ғылыми және шығармашылық ізденісте ақпараттар жүйесін іріктеп, өңдеп, сауатты қолдана білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет