Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні


Тарау11 Меншікті капитал мен міндеттемелердің операциондық аудиті



бет32/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

Тарау11 Меншікті капитал мен міндеттемелердің операциондық аудиті




11.1 Меншікті какпитал мен міндеттемелерді тексеру тәртібі мен классификациясы, ақпараттың қайнар көздері

Меншікті капиталдың аудиторлық тексеруінің мақсаты болып, меншікті капиталдың жағдайын көрсететін қаржылық есеп беру көрсеткіштер мәліметтерінің растылығы туралы пікірді қалыптастыру табылады, және де оны есептеу әдістемесінің нормативтік актілерге сәйкес келуі.



Меншікті капитал аудитінің міндеттері болып келесілер табылады:

  • қызметтің қойылған мақсаттарына жету мақсатымен заңды мәртебені және қызметтің жарғылық түрлерін жүзеге асыру құқығын, құрылтайшылар құрамын, ұйымның құрылымы мен басқармасын, сонымен қатар қаржылық мүмкіндіктерін тексеру;

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі және бекіту шарасының қадағалануы және сәйкес құжаттардың бар болуын бекіту;

  • аудирленетін субъект жарғысымен танысу;

  • құрылтайшылар санын және субъекттің жарғылық капиталындағы олардың салым үлестерін тексеру ;

  • жарғылық капиталға салымдарды салудың мерзімдерін қадағалау және толықтылығын айқындау;

  • жарғылық, резервтік капиталдың, пайлық қор және т. б. өзгерістері және құрылуының негізделуін тексеру.

Меншікті капитал аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді: кәсіпорынның есептік саясаты; жарғылық капиталдың есебі мен құрылу сұрақтарын, ұйымның құқықтық мәртебесін реттейтін негізгі заңнамалық және нұсқаулық құжаттар;құрылтайшылық құжаттар; меншікті капитал есебінің аналитикалық және синтетикалық регистрлері; меншікті капиталды құру бойынша біріншілік құжаттар: жарғылық капиталға салымдарды салу фактілерін айқындайтын құжаттар (қосылатын актілер, төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері және т.б.), жарғылық капиталға салым ретінде енгізілетін меншікті иелену құқығын растайтын құжаттар (меншікті иелену құқығы туралы куәлік, жер участкелері, жол көліктері, интеллектуальды меншік және т.б.); ұйымдастырушылық құжаттар: мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; бұйрықтар мен өкімдер; құрылтайшылар және акционерлермен хат алмасу; жабық жазылу нәтижелері, саудаласу, құрылтайшылар, акционерлер жиналыстары қорытындылары туралы хаттамалар;салық органдарына есепке тұрғаны, статистика органдарына тіркелгені туралы анықтамалар; заңнамаға сәйкес лицензиялауға жататын қызметтер түрлеріне лицензиялар; есеп беру нысанына қарамастан ашық акционерлік қоғамдар тексеруге акционерлер реестрін ұсынады; қаржылық есеп беру.

Міндеттемелер аудитінің міндеттері болып табылады:

  • кредиторлық қарыздың пайда болу күні бойынша есептің дұрыс жүргізілуі және оның объективті түрде Бас кітап пен бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтерімен қосылу жолымен баланста көрініс табуын;

  • субъект кірісі ретінде кредиторлық қарызды уақытылы қабылдау және талап мерзімдерін сақтау: салықтық есепте 2 жыл аяғында, бухгалтерлік есепте – 3 жыл;

  • шағымдық жұмыстың жағдайы және олардың субъектімен қанағаттандырылуы;

  • кредиторлық қарызды инвентаризация және есепеулерді келістіру жолымен растау.

Міндеттемелер аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді: кәсіпорынның есептік саясаты; бухгалтерлік баланс; Бас кітап; №6,8 журнал-ордері (егер есеп қолмен жүргізілсе) немесе машинограммалар (компьютеризация кезінде); несиелік келісім шарт; шот-фактура; теміржолдың жүкқұжаты; көлік- тауарлық жүкқұжаты; коносамент; әуе жүкқұжаты; сәйкестік сертификаты; кеден декларациясын; сақтандыру полюсін; коммерциялық акт; сапа мен санның белгіленген бөлінуіне арналған акт; қабылдау акті; комиссия мен консигнация келісім шарты және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет