Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қабылбек Ая, Қалдарбек Диас


Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау



бет7/8
Дата22.09.2022
өлшемі2,2 Mb.
#150388
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лимон

4.3 Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау
Ғаламторда лимон туралы мәлімет жинағанда, мен оның ішінде электр қуаты барын оқыдым. Ол мені таң қалтырды, сондықтаноны тексергім келді.
3 тәжірибе: Лимонда электр қуаты барын тексеру
Қажетті құралдар: лимон, 2 сым, мыс тиыны, шеге, вольтметр
Лимонда қанша электр қуаты бар екенін тексеру. Ол үшін мұғалімнің көмегімен лимонға тиын мен шегені жартылай кіргізіп, сымдармен вольтметрге қостым. Вольтметр 1 лимонда 1-ге жуық вольт бар екенін көрсетті.
Тұжырым: лимондағы электр қуатын пайдалануға болады
4.4 Лимон шай түсін өзгертетуін дәлелдеу
4 тәжірибе: Лимонның шай түсін өзгертетінін тексеру
Қажетті құралдар: 2 шыны ыдыс, аққұман, шай, қайнаған су, лимон
Шайды аққұманға шығарып, екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон шырынын қостым. Сол ыдыстағы шайдың түсі ағарды.
Тұжырым: лимон шайдың түсін ағартып, біздің тісімізді сарғаюдан қорғай алады.

    1. SWOT талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:




Жағымды жақтары

  • Лимонның барлық бөліктері пайдалы;

  • Құрамындағы С дәрумені басқа жемістермен салыстырғанда ұзақ уақыт сақталады.

  • Тазартқыш, ақтағыш, иіс кетіргіш қасиеттері бар, электр тогын өткізеді.

Жағымсыз жақтары:

  • Тұқымы мен ақ қабығы тамақтың дәмін бұзады (ащы дәм береді);

  • Қазақстан жерінде аз өсіріледі (басқа мемлекеттерден әкелінеді);

  • Елімізде лимонның бағасы қымбат (иіс кетіргіш, тазартқыш, ұнтақ пен кәдімгі батарея сатып алу арзанға түседі)

Мүмкіндіктері:

Қатерлері:

  • Жылыжай салып, лимон көшеттерін сатып алу үшін мүдделі ұйым немесе адам керек;

  • Лимон тұқымынан өсірілген ағаш жеміс бермейді, оған жеміс беретін шыбықша ұластыру қажет.

Лимонды үйде өсіру әр адамның қолынан келеді деп ойлаймын. Осы жобаны орындау барысында лимонды үйде өсіру тәсілімен таныстым, ендігі жоспарлаған кезеңім – лимон ағашын өсіріп, жеміс алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет