Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


БАЛАБАҚШАДА ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ



бет91/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   203
БАЛАБАҚШАДА ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ


Джүнісбекова О.Т.
33 «Айсәуле» балабақшасы, Тараз қ.

Қазіргі кезеңде елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді мақсат етеді.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстандық жастары бүгінгі таңда әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуге қадам басқалы тұр- деп көрсетті. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкесбілім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу болғандықтан осы кезеңде тұлғаның дамуына ерекше мән беріледі. Осы тұрғыда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуге жаңа мазмұн енгізуді жүзеге асыруда Республика, облыс, қала көлемінде игі бастамалар көтеріліп келеді. Осындай жаңа бастама Тараз қаласы білім бөлімінің 02.09.2013 жылғы №598 бұйрығымен біздің №33 «Айсәуле» балабақшасы «Балабақшада жобалық іс-әрекет арқылы тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында эксперименттік алаң ретінде таңдалып алынды. Әрине мұндай сенім мен тапсырмаға алғашында қуанғанымызбен, оның үлкен жауапкершілігі, ғылыми жұмысты ұйымдастыру, оң нәтижесін шығару жеңіл шаруа емес екендігін сездік. Эксперементтік жұмысты жүргізуші құрамында жеті бірліктен тұратын: ғылыми кеңесші, инновация әдіскері, төрт қосымша педагог, психолог мамандарынан шығармашылық топ құрылды. Жаңалықпен, шығармашылық бастаманы тез және жеңіл қабылдайтын педагогикалық ұжым мектеп жасына дейінгі балаларды жобалау іс–әрекеті арқылы тәрбиелеудің ғылыми негіздемесін жасадық.
Жобалау іс–әрекеті арқылы субъектінің даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын мотивтердің бірі – танымдық қызығушылық. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін, белсенділігін жетілдіруде жобалық іс-әрекеттің маңызы зор. Бұл шақта балалар заттар мен құбылыстар туралы, жалпы болмыс туралы білімді, әсіресе көргісі келгенін, білгісі келгенін тез, дұрыс және толық қабылдайды. Сондықтанда жобалық іс-әрекеттің бағыты балға берілетін білім элементтері тікелей көрсету, ұстату, сипап-сездіру, таныту арқылы жүзеге асады. Бала тікелей көрген, сезген обьектісін ғана қабылдайды.
Жобалау іс-әрекеті мектепке дейінгі білім беру іс-тәжірибесінде қолданылатынын, дәстүрден тыс жұмыс түрі ретінде қарастырылады, себебі жобаның негізінде нақты тәжірибелік мәселені шешуде педагог пен балалардың бірлесе атқарған қызметі барысында мектепке дейінгі жастағы баланың танымдылық әрекетінің нәтижесін көруге бағытталған үлкен ой жатыр. Жобалау іс-әрекеті 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог-педагог Д.Дьюи.
Д.Дьюидің ілімін жалғастырушы-Колумбия университетінің профессоры У.Х.Килпатриктің ойынша, жобалау іс-әрекеті балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы өмірге дайындау. Еуропада кеңтараған жобалау әдістемесі біртіндеп қалыптасқан білім беру үдерісіне енгізіліп отыр.
Жобаның тиімділігі көзбен көріп, есте сақтай отырып баланы ізденіске, іскерлікке, танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселені шеше білуге жетелейді. Жобалау нәтижесінде бала нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?-деген танымдық сұрақтарға нақты жауап береді. Балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Ы.Алтынсарин, Г.И.Шукина, Т.И.Шамова, Ю.К.Бабанский т.б. ғалымдар еңбектерінде жүйелі талданған. Қазіргі зерттеулерде (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.Б.Бондаревский, Н.Г.Морозова, Р.Г.Лемберг т.б.) танымдық қызығушылық мәселесіне жан-жақты анықтама берілген берілген.
Жобалау іс-әрекеті шығармашылық қызметтің ерекше түрі, әдіс-тәсілдер жиынтығы, белгілі бір немесе өзге әрекеттің теориялық және тәжірибелік әрекетке қатысты білімнің нақты бір саласын игеру операциясы: технологияны сатылай әрбір кезеңін жетілдіріп жасай отырып, дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу әдісі, олар тәжірибе жүзінде үлкен нәтижеге жететіндей жүзеге асырылып аяқталуға тиіс.
Ресей ғалымдарының балалардың шығармашылық қабілетін дамыту теориясы (Я.А.Пономарев, А.А.Мелик-Пашаев, В.Д.Шадриков, Д.Б.Богоявленская, Н.Н.Поддьяков, Н.А.Ветлугина, Л.А.Парамонова) туралы еңбектері бар.
Республика ғалымдары (Б.Баймұратқызы, М.Сәтімбекова, А.Меңжанова, Ә.Әмірова, Қ.Меңдаяқова, М.Тұрыскелдина т.б.) жүргізілген ғылыми-зерттеулер нәтижесінде жарық көрген ғылыми-әдістемелік оқу құралдары да мектепке дейінгі тәрбие жұмысының сапасын жақсартуға лайықты үлес қосып келеді. Сонымен бірге мектепке дейiнгi тәрбиенің ғылыми-теориялық және әдiстемелiк мәселелерiн зерттеген: Р.Аралбаева, Р.М.Жұмағожина, Ф.Жұмабекова, Г.Меңлiбекова, Н.Храпченкова, Т.Иманбеков, А.Е.Манкеш, С.Н.Жиенбаева, Р.Қ.Керімбаева, А.И.Салиева, А.А.Исқақова, К.М.Метербаевалар т.б. педагог-ғалымдардың еңбектерiн атауға болады.
Жобалау іс-әрекеті арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мәселесі психологиялық-педагогикалық жағдайды, мектепке дейінгі жастағы баланың зейін қоюға, шығармашылықпен шұғыл ойлауына, өз тәртібін қадағалауына, тіл байлығын дамытуға ықпалын тигізетін тәсілдерді іздестіруін қарастырады. Біздің зерттеу жұмысымызда мектеп жасына дейінгі балалардың жобалық іс-әрекетке танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтауды көздейді. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелердең оқу-тәрбие үрдісінде жобалау қызметі балалар мен педагогтар, ата-аналары бірдей қатысып, бірлесе атқаратын сипатта болуы тиіс. Ата-аналар тікелей білім беру үрдісіне қатыса отырып, өздерінің педагогикалық тәжірибесін арттырып, өздерінін және балаларының қол жеткізген жетістіктеріне қуанып қанағаттанады.
Педагогикалық жобалау іс-әрекеті әртүрлі білім беру саласынан алынған бір мәселені шешу үшін алынған мағлұматтарды кіріктіріп іс-тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды жобалау іс-әрекетіне үйрету баланың бүкіл оқу іс-әрекетінде алған білімдерін, күнделікті өмірде көрген-білгенінен өздігінше ой-қорытуы, тәжірибеде пайдалана білу қабілеті. Жобалау қызметі тәрбие мен білім беруде тұлғалық бағытталған жолға негізделіп шығармашылық қабілетті дамытады. Сонымен жоғарыда қарастырылған жобалау қызметінің әдістемелік негізі мектепке дейінгі мекемеге тән инновациялық технологияның бейімделуінің жоғары денгейі туралы мағлұмат береді. Бүгінгі мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста қолданылатын жобалау іс-әрекеті, бұл мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі дәстүрден тыс әдіс болып табылады. Балалардың жобалық іс-әрекетке танымдық қызығушылығын қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің балалар бақшасындағы қазіргі жағдайы, оның педагогикалық шарттарының анықталмауында қарама-қайшылықтар бар және бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік тұрғыда зерттелмегендігі белгілі.
Зерттеу жұмысы барысында осы айтылған қайшылықты ғылыми тұрғыда шешу, оның педагогикалық шарттарын айқындау, әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру, тәжірибелік-эксперимент жүргізу, оң нәтижеге алу, оқу-әдістемелік құралдар даярлау, озық іс-тәжірибені тарату мақсатын қойдық.
Ғылыми – педагогикалық экспериментке ортаңғы топтан 69 бала, ересектер тобынан 57 бала, барлығы 126 бала қатысады.
Зерттеу кезеңдері мен күтілетін нәтижелері:
Бірінші кезең: Даярлық кезеңі (2013-2014ж.ж.)
Екінші кезең: Ендіру кезеңі (2014-2016ж.ж.)
Үшінші кезең: Жалпылау кезеңі (2016-2017ж.ж.)
Бірінші кезең: Даярлық кезеңі (2013-2014ж.ж.)
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекетіне танымдық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау, теориялық талдау, эксперимент жүргізуге арналған «Экология негіздері», «Бейнелеу өнері»,«Валеология» бөлімдеріненоқу-әдістемелік кешен даярлау.
Міндеттері:
- Ғылыми-педагогикалық экспериментті жүргізу бағдарламасын құру, теориялық талдау жасау, саралау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекетіне танымдыққабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау, зерттеуаспектілерін айқындау;
- экологиялық тәрбиелік бағыттағы жобалау іс-әрекетіне балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделін құру;
- жобалау іс-әрекетін оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің оқу-әдістемелік кешенін даярлау;
- педагогикалық үдеріске қатысушыларға арналған зерттеу іс-әрекетінің мониторингісін құрып, өткізу;
- іс-тәжірибе жасауда арқылы балалардың танымдылық белсенділігін дамыту мәселелерінде туындаған қиындықтарды, ата-аналардың балалардың зерттеу іс-әрекетіне деген көзқарасын анықтау;
- балалардың зерттеу-дамыту ортасын құру, оның мазмұнын өзгертіп, толықтыру, балалардың даму құзыреттілігін бағалау индикаторын әзірлеу.
- педагогтардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби деңгейде дамуына жағдай жасау.
Күтілетін нәтижесі:Педагогикалық ұжымды эксперименттік жұмысқа даярлау, жұмыс жоспары, ҰОӘ технологиялық картасы құрылады, ата-аналармен бірлесе атқарылатын іс-шаралара жоспары, топта іс-тәжірибежасайтын бұрыштар, балалар зертханасы құрылады, материалдық- техникалық база күшейтіледі, «Қысқы бақ» жасалады, оқу-әдістемелік кешен даярланады.
Екінші кезең: Ендіру кезеңі (2014-2016ж.ж.) Мақсаты: Жобалау іс-әрекетін оқыту-тәрбиелеу үрдісіне енгізу, эксперимент барысын бақылау, жүзеге асуына жағдай жасау, жағымдыпсихологиялық жағдай тудыру, қорытып, талдап отыру.
Міндеттері:
- жобалау іс-әрекетін оқыту үрдісіне ендірудің эксперименттік бағдарламасын жүзеге асыру;
- жобалау іс-әрекеті арқылы балалардың танымдық қабілеттерін экологиялық бағытта дамытудың моделін апробациялау;
- балалардың бос уақытын ұйымдастыруда жобалау іс-әрекетін ендіру, өзіндік дамуға жағдай жасау;
- «Экология негіздері», «Бейнелеу өнері», «Валеология» ҰОӘ жобалау іс-әрекетінде жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану;
- балалардың білім сапасын анықтау мақсатында мониторинг бақылау жүргізіп отыру;
- бірлескен іс-әрекетке ата-аналарды қамту;
- балалардың зерттеу іс-әрекеті бойынша ата-аналармен бірлесіп іс-шаралар ұйымдастырып өткізу.
Күтілетін нәтижесі: Эксперименттік бағдарламаның оқу үрдісіне енуі, перспективалық жоспар, ҰОӘ-нің технологиялық картасы түзіледі, мониторинг жүйесі іске асырылады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың барысы, нәтижесі, балалардың танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Үшінші кезең: Жалпылау кезеңі (2016-2017ж.ж.)
Мақсаты: Балабақша жағдайында жобалау іс-әрекетін жүзеге асыру экспериментік-тәжірибелік жұмыс нәтижесін шығару, қорыту, талдау, ұсыныстар жасау, әдістемелік кешенді шығару, озық іс-тәжірибені насихаттау.
Міндеттері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет