Тарихи жанр б.з.д. V ғасырдың соңында Фукидид шығармашылығында (шама- мен б.з.д. 460–396) шарықтау шегіне жетеді. Фукидид ақсүйек әулетінен шыққан, шешендік әрі философиялық салалар бойынша терең білім алған. Б.з.д. 424 жылы ол он стратегтер коллегиясына сайланады (яғни, афиналық үкіметтің мүшесі) және Фракияда афиналық әскери күштің қолбасшысы болады. Бірақ олар спар- талықтардан жеңілгеннен кейін Афинада сатқындық жасағаны үшін сотталып, қудалауға ұшырайды. Ғұмырының қалған бөлігін Фракияда өткізіп, тарихи еңбек жазуға арнайды. Фукидидтің геродоттан айырмашылығы – зерттеу пәнін анық- тағанда ол эллиндік әлемнің шекарасынан шықпайды. Оның еңбегі – «Пелопон- нес соғысы туралы баяндау» (б.з.д. 394/3–391/390), яғни жақын күндерде болған
«бүгінгі» тарих. Бұл шығарманың атауы болмаған секілді.
Тарихшының пікірінше, ол бұл еңбегін соғыс басталған сәтте, оның айрық- ша мағынасына көзі жеткен кезде бастаған және соғыс барысында материалдар жинауды жалғастыра берген. Фукидид өзі өмір сүрген кезеңдегі тарихты куәгер ретінде жазды. Ол белгілі бір келісімшарттардың түпнұсқа мәтіндері мен өзге де деректерді келтіреді, ақындар мен логографтардың еңбектеріне сілтеме жасай- ды, геродотпен пікірлеседі, бірақ оның есімін атамайды. Фукидид алғашқы бо- лып кезіккен адамнан естігеннің бәрін жеткізе беруді дұрыс емес деп санайды.
Фукидидтің еңбегінде барлық антикалық дәуірге тән көркемдік баяндау си- паты сақталған, тек «Археология» атты бөлімнің ғана ерекшелігі болды. Оның кіріспе бөлімінде таңдалған тақырыптың маңызы, сондай-ақ Пелопоннес соғы- сының тарихы баяндалған. Оның мақсаты – «терең себептері» бар парсы соғы- сында жеңіске жетіп, күш-қуаты артқан Афинадан сескенген Спартаның оған қарсы соғыс ашуы жайындағы автордың көзқарасын түсіндіру.
Фукидид еңбегінің композициясы соғыс оқиғаларын жаз уақытында жасал- ған жорықтар негізінде баяндау принципімен ерекшеленеді. Автор оқиғаларды қарама-қайшы топтастыру мен жекелеген эпизодтарды өңдеу арқылы баяндау драматизмінің шарықтау шегіне жетеді: Периклдің жерлеу кезінде айтқан сөзі, оба індетінің сипатталуы, Сицилия апаты. Соңғы екі эпизод әлемдік әдебиеттің жауһарлары деп есептеледі.
52 ҮШінШі ТАРАу
Тарихи баяндауға енген кейіпкерлердің төл сөздері – Фукидид шығармала- рының өзіндік ерекшелігі.
Сөздер көбіне субъективті – оқиғаны тарихи тұрғыдан мағыналаудың құра- лы әрі олардың өзіндік психологиялық түсіндірмелері. Кейде бұл сөздерде ав- тордың концепциясы баяндалады. Сонымен қатар ол барынша өзін-өзі шеттету принципіне адал болу мақсатында әрі мәселені қарама-қайшы көзқарас тұрғы- сынан бейнелеу үшін өзінің жеке пікірін түрлі кейіпкерлер арқылы білдіреді. Мұндай жағдайда автордың ұстанымы нақты көрсетілмейді, оның мақсаты – кейіпкерлерінің айта алғанын немесе айтуы қажет болғанын көрсету ғана. Бұл жерде баяндау дәлдігі емес, тарихи ақиқат маңызды. Фукидид өзінің кейіпкер- лерінің сөздері арқылы саяси ділмарлықтың керемет үлгісін көрсетеді.
Автор тарихтың өзіндік нұсқасын, әдіс пен тақырыпты гомер мен логограф- тардың және геродот сынды саяхатшылардың еңбектері мен әдістеріне қарама- қарсы қояды. Фукидид өзінің әдісін – «сипаттау» сөзімен, ал логографтар мен геродоттың әдісін «құрастыру» сөзімен анықтайды. Ол логографтар табылған мә- ліметтерді механикалық түрде, тек ақпараттың тартымдылығын ғана басшылық- қа алып, оның дәйектілігіне мән бермей, сын тұрғысынан тексерместен «бірлесіп құрастырады» деп көрсетеді. Фукидид олардың белгілі бір оқиғаларды аса көр- кемдемейтінін және асыра әспеттемейтінін тілге тиек етеді. Ол өзінің еңбегіндегі миф пен күлкіге негізделген барлық әңгімелерді алып тастады.
Фукидид өз дәуірінен бір ғана буын бұрын болған оқиғаны алыс деп санайды. Сонымен қатар олар туралы мәліметтерге толықтай сенім артуға болмайды деп есептеді. Фукидид сол заманның өкілі әрі қатысушысы бола тұра, өзінің тақыры- бын Пелопоннес соғысының тарихымен шектеді. Сонымен қатар автор жабайы тайпалардың тарихы мен этнографиясын зерделеген геродот пен логографтар- дың еңбектерін сипаттаудан бас тартты. Фукидидтің еңбегінде бүгінгі оқиғаның себептерін іздеу барысында жақын арадағы өткенді зерттеу қажеттігі тарихшы- ның басты міндеті ретінде қарастырылған.
Фукидид – оқиғаларды түсіндірудің тиімді әдістері мен нақты куәліктерді мұқият іріктеуге негізделген прагматикалық, ғылыми тарихнаманың негізін қа- лаушы. Оған тән екі ерекшелік бар. Біріншісі – тарихты индивидтердің билікке қол жеткізіп, мемлекетті билеуге ұмтылу жолындағы күрестерін бейнелейтін оқиғалар тізбегі ретінде түсіну. Ортақ сипат ретінде мынадай қорытынды шы- ғарылды: барлық адамдар жеке немесе қоғамдық өмірлерінде билік пен ман- сапқа, байлыққа қол жеткізу үшін және қолдары жеткен «игіліктен» айырылып қаламын ба деген үрей мен қорқыныштан әрекет етеді. Басқаша айтқанда, адам- ның табиғаты үнемі өзіне сай болғандықтан, саясаттағы итермелеуші мотивтер соғұрлым өзгеріссіз, теңбе-тең болып қала береді. Прагматикалық тарихтың екінші ерекшелігі – оның өмірлік сабақтарының мәңгілік құндылықтарына не- гізделген «тәжірибелік пайдалылық».
Тарихнама үшін тарихшылардың назарын оқиғалық деңгей арқылы аударту- дың кем дегенде үш салдары болды:
саяси және әскери тарихты зерттеудің дара нысанына айналдыру;
мемлекетті мағынасы әртүрлі екі бөліктің бірлігі ретінде қарастыру: елдің та- рихи тағдырын анықтайтын белсенді азшылық (лауазымды тұлғалар) ретінде
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 53
және алғашқылардың жоспарлары мен іс-әрекеттеріне кедергі жасайтын ен- жар көпшілік (халық) немесе «мойынсұнғыш құрал» ретінде пайымдау;
тарихи процесті белгілі бір тұлғалардың психологиялық мотивтерімен түсін- діру.
Фукидид оқиғалар барысын ұғынықты ету мақсатында биографиялық әрі сая- си түсініктемелерден бас тартады. Ол үшін адам болмысының психологиялық, моральдық және әлеуметтік жағы оқиғаның соңғы себептері болып саналады. Егер Элладаның өзара күресуші партиялары соғыстың басталу себебін бір-бірі- нен көрсе, Фукидид соғыстың басталуы туралы мәселені басқаша зерделейді. Ол соғыстың тұтану себептері мен түрткі болған жайттарын ажыратады (дәл солай антикалық медицина аурудың «шынайы себебін», оның «сыртқы» және қарапа- йым белгілерін ажыратты). Фукидид гиппократтың шәкірті ретінде құбылыстың
«диагнозын» анықтайды және қайталанатын қасиеті бар полистің «ауруының» нақты көрінісін береді.
Соғыстың объективті себебі – Элладаның саяси өмірін ауыр дағдарысқа ұшы- ратқан қарама-қайшы күштердің жасырын күресі. Осы себепті білу тарихшыны партиялық күрестен де жоғары деңгейге көтереді және соғыстың тұтануына кі- нәлі болғандар туралы мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Осыдан кейін өт- кен кезең мен бүгінгі уақыттың оқиғаларын зерттеуде нақтылықты басшылыққа ала отырып, куәгерлердің жауаптарын сын тұрғысынан пайымдау талабы туын- дады. Соңғысын кездейсоқ таңдамау керек, алайда қателіктерге жол бермеу үшін жеке пікірден бас тарта отырып, олардың теріс түсініктері мен еске сақтау қабілеттерін ескеру қажет.
Фукидидтің пікірінше, оның мақсаты – «ақиқатты табу». Алайда өзі жария- лағандай, нақтылық пен әділдікке ұмтылғанына қарамастан, ол жиі субъектив- ті болған еді. Біз одан оқиғалардың біржақты жинақталғанын және де бірқатар фактілерді (мысалы, афиналықтардың парсылармен жасаған келісімшартта- ры) әдейі айтпағанын аңғарамыз. Афинаның рухани артықшылығы – Элладада оларға үстемдік орнатуға құқық береді. Бұл – Фукидидтің оқырмандарын илан- дыру үшін ұстанған өзіндік қағидасы еді. Соғыс не себепті жеңіліспен аяқталды? Периклдің ізбасарлары өздерінің міндеттерін орындай алмады. Фукидидтің сө- зімен айтсақ, ұзаққа созылған соғыс адам болмысының құлдырауына алып кел- ді. Перикл мұрагерлерінің мансапқорлығы, дүниеқоңыздығы, нәпсіқұмарлығы Афинаны грек мемлекеттері арасындағы ең жиіркенішті қалаға айналдырды: енді бүкіл Эллада афиналық қуаттың жойылуын бірауыздан тіледі.
Адамдық болмыстың өзгермейтін қасиетін зерделеген Фукидид еңбегінің ке- лешек ұрпақ үшін пайдалы әрі жемісті болатынына кәміл сенеді. Ол өз алдына тәжірибелік міндет қояды: мемлекет қайраткерлеріне жекелеген тұлғалар мен саяси топтардың психологиясы, іс-әрекеттері туралы қажетті білімді баяндау. Тайпаға, руға, жынысы мен жас мөлшеріне қарамастан, адамдық болмыстың бірқатар ортақ белгілері бар: еркіндікке ұмтылу, өзімшілдік, көреалмаушылық, кекшілдік, қатігездік, жалған наным-сенім, өзгелерге үстемдік етуге деген ниеті. Адами болмыс әрдайым өзімшіл. Ол адамның жасына қарай дамиды және әр- түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады, олардың әрекетімен «айуан- дық» пен құлдырау бағытына қарай өзгереді немесе периклдік Афина сияқты
54 ҮШінШі ТАРАу
еркіндікке ұмтылысының ықпалымен көркемделе түседі. Адам болмысының маңайындағыларды қанау қасиеті (күшті үнемі әлсізге үстемдік жасайды) – Фукидид бекіткен тарихтың психологиялық принципі.
Саяси тарихта (сондай-ақ космоста) тарихи оқиғалардың себептік байланыста- рын бұзатын табиғат апаттары (күтпеген жерден орын алған жағдайлар, жер сіл- кінісі, әртүрлі індеттер және т.б.) үстемдік етеді. «Күтпеген жағдай» табиғат апа- тынан ғана емес, адамның іс-әрекетінен де көрініс береді. Ол иррационал және этикалық ережелерге бағынбайды. Мұндай күш адам ойының жетістікке жетуіне айрықша ықпал етеді, ол адамдарға қауіп төндіреді немесе оларға көмектеседі. Керісінше, адамдардың тарихтағы қабылданған барлық жоспарлары мен шешім- дерін тарихшы олардың ақыл-ойының, болжамдары мен ерік-жігері заңдылықта- рының аясында қарастырады. Алайда, Фукидидтің пікірінше, ұлы адамдар, әйгілі мемлекет қайраткерлері тарихи оқиғалардың барысын болжап, оларға ықпал ете алады. Егер олар уақытша болса да демостың «менмендігі» мен тобырдың «нара- зылығын» ауыздықтаса, онда өркендеуге қысқа мерзімде қол жеткізуге болады. Бірақ кейін оқиғалар қайта күш алып, соғыстар мен өзара қақтығыстар барысында өзінің шарықтау шегіне жетеді, содан соң қан төгіспен, апатпен аяқталады.
Фукидидтің тарихшы ретіндегі еңбегі құжаттық деректердің (келісімшарттар- дың, ресми қаулылар мен басқа да құжаттардың мәтіндерінің) хронологиясын анықтау болды. Сонымен қатар сақталған сарқыншақтардың сипаттамасына не- гізделген ретроспективті тұжырымдар арқылы анықталған өткенді қайта құру әді- сін пайдалануы еді. Фукидид Пелопоннес соғысы тарихының кіріспесінде Ежелгі Элладаның мәдени бейнесі туралы өзінің ой-пайымын анағұрлым артта қалған тайпалардың әдет-ғұрыптарына, қорым орындарына, эллиндік қалалардың ор- наласу аймақтарына сілтеме жасай отырып дәйектей түседі. Фукидид, ең алды- мен, өткен дәуір туралы эпостардан алынған дәстүрлі түсініктерден бас тартады және олардың орнына батыл түрде грек-парсы соғыстарының кезеңіндегі Афина- ның рөлін анықтаудың негізінде жасалған өзінің «кері қорытындыларын» қояды. Ол Афина күш-қуатының қайнар көзін Марафон мен Саламин түбінде Элладаны құтқару барысында атқарған олардың тарихи тұрғыдағы қажырлы еңбектерінен байқайды. Фукидид Афина мен Спартаның бақталастығының тарихын баяндайды және Афинаның күшеюі екі мемлекеттің арасындағы қауіпті қақтығысқа алып кел- генін көрсетеді. Фукидид бейіт басында Периклға арнап сөйлеген сөзінде (эпита- фия) ұлы көсемінің билік құрған кезіндегі Афина демократиясының «алтын ғасы- рын» сипаттайды. Осы тарихи сәт Афинаның рухани қуатының шыңы еді. Фукидид ол арқылы соғыстың барысын, алдағы уақытта келе жатқан қайғылы оқиғалардың қарсаңындағы өткеннің жарқын бейнесіне деген көзқарасын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |