хіх ғасырдың 60–80-жылдарында жаңа мектептер мен бағыттар қалыптасты.
Позитивистік тарихнаманың аясында жекелеген мектептер арасында айтарлық- тай айырмашылықтар болды.
Базель университетіндегі өнер тарихының профессоры Якоб Буркхард (1818– 1897) тарихшылардың тұтастай бір буынын тәрбиелеп, өзінің жеке мектебін қа- лыптастырды. Өзінің жалпы тарихи концепциясында ол Ранкеге қарама-қайшы түрде мемлекет пен саясатты емес, адамзаттың рухани және материалдық мә- дениетін – тұрмысын, техникасын, өнерін, поэзиясын, ғылымын бірінші орын- ға қояды. Буркхардт кейінгі тарихнамаға ерекше ықпал еткен еуропалық мә- дениеттің даму схемасын жасады. Ғалым өзінің концепциясында Қайта өрлеу дәуіріне айрықша назар аударды және оған «италияның Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениеті» (1860) атты еңбегін арнады.
Ранкенің рухындағы дипломатиялық тарих және хіх ғасырдың 70–80-жыл- дары германиядағы мәдениет тарихымен қатар, экономикалық тарихтың мәсе- лелеріне деген қызығушылық арта түсті, саяси экономикада тарихи мектеп дами бастады. «Экономизм» шаруашылық өмірге қоғамдық дамудағы шешуші рөлді берсе де, экономикалық тарихтың мәселелері барған сайын өзін саяси тарих- қа қарама-қарсы қоятын мәдениет тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарас- тырылды. Жас немесе жаңа тарихи-экономикалық мектеп деп аталған эконо- микалық бағыттың басты өкілдері густав Шмоллер (1838–1917), Луйо Брентано (1844–1931) мен Карл Бюхер (1847–1930) болды. Олар тарихты шаруашылық түрі (үй шаруалығы – тәуелсіз табиғи; қалалық – тұрақты айырбаспен; халықтық) және өнеркәсіптік өндірістің даму сатылары бойынша (тапсырыс арқылы – үй, қолөнер өндірісі, нарық бойынша – қолөнер өндірісі, үй шаруашылығы және фабрикалық өндіріс) экономикалық кезеңдеуді ұсынған еді.
Өткенді танудың позитивистік принциптерінің одан әрі дамуы немістің әйгі- лі тарихшысы Карл Лампрехттің (1856–1915) және оның мәдени-тарихи синтез мектебінің шығармашылығымен тығыз байланысты болды (ол 1890 жылдары Лейпциг университетінде мәдениет тарихы пәнінен семинар жүргізді, кейі- нірек соның негізінде мәдениет тарихы және жалпы тарих институты құрыл- ды). Лампрехт бір-бірін алмастыратын адамзат рухынан мәдениеттің дамуын анықтайтын өзгермейтін тәртіпті көрді. Ғалым «әрбір экономикалық әрекеттер психологиялық шарттарға тәуелді болады, сол себептен тарих әлеуметтік-пси- хологиялық ғылым болуы керек, тарих қоғамдық санадағы өзгерістерді түсін- діретін қолданбалы психологиядан басқа ештеңе емес» деп санады. Бұл өзге- рістер мәдени-тарихи дәуірлердің немесе барлық өркениеттердің тарихы үшін әмбебап деп жарияланған «даму фазаларының» (анимизмнің, символизмнің, типизмнің, конвенционализмнің, индивидуализмнің, субъективизмнің) жүйе- лі ауысуының қатаң тарихи-әлеуметтанулық схемасына енді. Анимизм дәуірі
– рулық құрылыстың, ұжымдық меншіктің және тұрпайы коммунизмнің өмір сүруімен, символизм дәуірі – еңбек бөлінісі және әлеуметтік теңсіздіктің пай- да болуымен, типизм дәуірі – мемлекеттің пайда болуымен, конвенционализм
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 155
дәуірі – феодалдық жер иелігі мен табиғи шаруашылықпен, индивидуализм дәуірі – корпорациялардың құлдырауымен және жеке бастаманың дамуымен, субъективизм дәуірі сословиелік құрылыстың толық ыдырауымен және еркін экономикалық әрекеттің дамуымен байланыстырылды. Лампрехт өзінің басты еңбегі саналатын үштомдық «Германия тарихы» (1891–1909) туындысында не- міс халқының бүкіл тарихын осы схеманың аясында көрсеткен еді.
Зерттеу саласын кеңейтуді, бұрын-соңды болмаған көлемде фактілік мате- риалдарды жинақтауды, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тарих мәселе- лерін бірінші орынға қоюды, әрине, позитивистік тарихнаманың жетістіктеріне қосуға әбден болады. Қарастырылып отырған кезеңнің тарихи білімі тек елдер мен дәуірлер бойынша ғана емес, сондай-ақ жекелеген мәселелер негізінде жеке салаларға бөліне отырып, уақыт өткен сайын мамандана түседі. Салыстырмалы- тарихи әдісті жүйелі түрде қолдану, жазбаша және заттай жәдігерлерге, соның ішінде қайта ашылған ескерткіштерге қарқынды талдау жұмысын жасау – осы- ның бәрі айтарлықтай табыстарға жетуге септігін тигізді. Зерттеу техникалары жетілдіріле бастады. Қосалқы пәндер – дипломатика, нумизматика, палеогра- фия, сонымен қатар аралас ғылым салалары – археология, тарихи география, филология, этнография дамыды.
хіх ғасырдың соңғы ширегінде тарих ғылымының ұйымдық құрылымы мен кәсіби білім беру жүйесі қалыптасты. Барлық жерлердегі университеттерде та- рих кафедралары мен тарихи семинарлар құрыла бастады. Егер ғасырдың ба- сында германия университтерінде барлығы он екі тарих кафедрасы болса, ға- сыр соңында олардың саны жүз жетпіс беске жетті. Өзге елдердің студенттері мен оқытушылары германияға келіп, Берлин, Мюнхен, Лейпциг және басқа да университеттердегі тарих семинарларында білім алды. Бірте-бірте бүкіл Еуро- паға Ранке семинарларының үлгісі бойынша мамандарды даярлау тәжірибесі кеңірек тарай бастады. Академиялардың жанынан оларға тәуелді болмайтын та- рих институттары құрылды, маңызды тарихи журналдар шығарылып, көптеген ғылыми қоғамдар пайда болды. Францияда 1876 жылдан бастап «Тарихи шолу» («Revue historique») журналы шыға бастады, оның негізгі міндеті тарихи білімді насихаттау мен Франциядағы тарихи білімді беруді қайта ұйымдастыру болды. германияда шығып тұрған жетекші «Тарихи журналмен» («Historische Zeitschrift», 1859 жылдан бастап) қатар геттинген, Лейпциг, гейдельберг академияларының мерзімді басылымдары пайда болды. Сонымен қатар өздерінің баспа орындары мен жыл сайын конференция өткізетін көптеген жергілікті тарихи қоғамдар мен комиссиялар құрылды. Англияда 1886 жылдан бастап «Ағылшын тарихи шолуы» («English Historical Review») жарыққа шыға бастады.
Көптеген жеке монографиялармен, деректерді (жылнамаларды, актілер мен басқа да материалдарды) жариялаумен, ғылыми мерзімді басылымдардағы ма- қалалармен қатар, алуан түрлі анықтамалықтар мен көптомдық ұжымдық ең- бектер жарыққа шығады. Атап айтсақ, олар дүниежүзі тарихы бойынша серия- лық басылымдар, мысалы, Эрнест Лависсва (1842–1922) мен Альфред Рамбоның (1842–1905) редакциясымен жарық көрген он екі томдық «IV жүзжылдықтан біздің уақытымызға дейінгі жалпы тарих» (1887–1903) еңбегі. Бұл еңбекті құрас- тыруға француздың жетпіс тарихшысы қатысты. Сорбонна профессоры, Жоға- ры қалыпты мектептің директоры академик Лависс Франциядағы кәсіби және
156 ЖЕТінШі ТАРАу
мектептік тарих пәнін дамытуға сүбелі үлес қосты. Позитивизмнің негізгі прин- циптерін ұстану оған өзінің барлық оқулықтары мен жалпылама еңбектерін- де, соның ішінде «Францияның пайда болуынан революцияға дейінгі тарихында» (1900–1911) патриоттық позицияны ашық түрде баяндауға және ұлттық тарихи сананың қалыптасуына барынша қолдау көрсетуге кедергі бола алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |