Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет38/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Ішкі реконструкция әдісі салыстырмалы-тарихи әдістің екінші түрі. Зерттеудің негізгі түрі – салыстыру, бірақ туыстас тілдердегі сәйкес құбылыстарды емес (интралингвистикалық), бір тілдің әр түрлі тарихи даму кезеңдеріндегі бір құбылысын салыстыру (интерлингвистикалық әдіс). Осыған байланысты ішкі реконструкция әдісі төмендегі мақсаттарды шешеді:

1.Нақты тілдердің жазбаша дереккөзі ретінде тарихи даму заңдылықтарын айқындау;

2.Жазу пайда болғанға дейінгі тілдің ерекшелігін көрсететін ежелден қалған ескерткіштер мен анамалияларды немесе тілдік қатынас нәтижесінде пайда болған жаңа формаларды (кірме сөздер) анықтау;

3.Белгілі бір тарихи өзгерістер нәтижесі ретіндегі тілдік жүйенің қазіргі жағдайын түсіндіру және ол өзгерістердің мерзімі мен себептерін анықтау.



Ішкі реконструкция бір тілдің ішіндегі тіл бірліктерін салыстыруды көздейді, бір тілдің әр түрлі шағын жүйелеріндегі варианттарын анықтап, оларды көне құбылыстармен байланыстырады. Бұл әдіс тегі бір тілдерді жүйелі түрде зерттеу арқылы көне тілдік тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш әдіс тек көне жазба тілдерді (санскрит, латын, көне грек және т.б.) зерттеу үшін тиімді болып табылады
23. Семантикалық теориялар

Жалпы семантика— американдық философия мен социологиядағы тілдің ойға, сол арқылы адамның мінез-құлқына тигізетін әсерін зерттейтін бағыт. Оның негізін 20 ғ. 30 жж. А. Кожибский салған. Жалпы семантика философия, психология, социология, лингвистика идеяларын формалды түрде біріктіріп, тіл мен коғам тарихын, тіл мен ойдың қарым-қатынасын идеалистік тұрғыда түсіндіреді, соматикалық, психологиялық ауытқулардың, әлеуметтік ауыртпалықтардың себебі тіл құрылымында жатыр деп қарайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет